22/11/2021
Біздің “Казыгурт клиникамыздың “⠀
врач гинеколог- Тілеукабылова Меруерт Мұратқызымен таныстырамыз медицина саласында жұмыс жасағанына 10жылдан астам,МУА,ЮКГМА,Қ.А.Яссауи атындағы ХҚТУ медицина кафедрасының “Емдеу ісі “және интернатура “Акушерство гинекология “мамандығымен білім алған.⠀
Бізбен бірге болыныздар әйелдерге түрлі кеңестермен бөлісіп отыратын болады:⠀
⠀
👩⚕️ Жүктілік және анемия🤰🤱⠀
⠀
✅ Жүктілік кезіндегі анемия - жүктілік кезінде айналымдағы қан көлемі жоғарылап, оның ішіндегі плазманың мөлшері эритроциттерге қарағанда жоғары болуын айтамыз.
✅ Жүктілердегі анемия клиникалық көрінісі:⠀
Жүкті әйелдер анемиясы бар болғанда айтарлықтай шағым айтпайды. Бірақ⠀әлсіздік, бас айналу, талма (обморок) байқалуы мүмкін. Трофикалық өзгерістер байқалуы мүмкін, ол ағзаға арнайы ферменттердің жетіспеуі салдарынан болады. Мұның көрінісі болып: шаш түсуі, тырнақтың сынғыш болуы, ауыздың шеткі жақтарында тыртық іздердің (трещина) болуы жатады.⠀
✅ Жүктілердің анемиясында қанда гемоглобин деңгейінің төмендеуін (115 г/л және одан төмен), эритроциттер (3,7 *10*12 л), түсті көрсеткіш (0,85 төмен) болуын байқайқалады. Жүктілердегі нақты анемия деген диагноз қан жағындысында өзгерген эритроциттер анықталғанда қойылады. Оларға: пойкилоциттер және анизоциттер жатады. ⠀
✅ Анемияның жеңіл, орташа, ауыр түрлерін ажыратады. ⠀
✔Жеңіл түрінде гемоглобин деңгейі 90-115 г/л,⠀
✔орташада -80-90 г/л, ⠀
✔ауыр түрінде -80 г/л төмен болады.⠀
✅Жүктілердегі анемия емі: ⠀
Жүкті әйелдердегі көрініс берген анемияны емдеуде маңызды орынды диета алады. Жүктіге күніне 120 г аз емес #АҚУЫЗ қабылдау керек. Жеген еттен тек 6% темір, ал өсімдік текті тағамдардан 0,2% ғана ағзаға сіңеді. Анемияны темір препараттарымен емдейді. Олар ішке таблетка немесе капсула түрінде ішіледі. Темір препараттарын бұлшықетке немесе вена ішіне салу тиімсіз, себебі бұл кезде ауыр асқынулар пайда болуы мүмкін. ⠀
✅Егер, дәрігер "анемия" диагнозын қойған болса, бей-жай қарауға болмайды.Соңында (емделмеген жағдайда)⠀ақыл-есі кем бала дүниеге келуі мүмкін.⠀
👩⚕️ Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол іздейік...💚💚💚