Odvd_tur

Odvd_tur Contact information, map and directions, contact form, opening hours, services, ratings, photos, videos and announcements from Odvd_tur, Medical and health, Shymkent.

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ 2023 жылғы 1 маусымнан бастап 1406 нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығы...
07/06/2023

"Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КеАҚ 2023 жылғы 1 маусымнан бастап 1406 нөмірі бойынша Қордың байланыс орталығы арқылы жүзеге асырылған медициналық сақтандыру және медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша барлық консультацияларды 1414 нөмірі бойынша бірыңғай байланыс орталығы ұсынатынын хабарлайды.

Бұл шараны Қор халыққа консультациялық көмектің барынша қолжетімділігін қамтамасыз ету және жоғалған қоңыраулар үлесін қысқартуүшін қабылдады.

Медициналық қызметтерді тұтынушылар күн сайын сағат 9.00-ден 21.00-гедейін 1414 нөмірі бойынша консультациялық көмек ала алады, сондай-ақ өтініш бере алады немесе медициналық көмектің сапасына шағым қалдыра алады.

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұловтың  сыбайлас жемқорлық тәу...
07/06/2023

Құрметті әлеуметтік желі қолданушылары!

Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Е.Әлімқұловтың сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілетін ішкі талдау (әрі қарай – Ішкі талдау) жүргізу туралы кестесіне сәйкес, облыстық Адами әлеуетті дамыту басқармасында ағымдағы жылдың 23 маусымынан бастап ішкі талдау жұмыстары жүргізілетіндігін хабарлаймыз!

Ішкі талдау жұмыстары 23 маусым – 07 тамыз аралығында жүргізіледі.

Егер де, Сізде аталған сала қызметіне қатысты қандай да бір нақты мәліметтеріңіз бен арыз-шағымдарыңыз, білдірер ұсыныс-пікірлеріңіз болса, төменде көрсетілген мекен-жайларға жолдауыңызды сұраймыз.

Барлық проблемалық сұрақтар мен құқық бұзушылықтардың нақты фактілері бойынша осы көрсетілген байланыс құралдары арқылы хабарласу қажеттігін жеткіземіз.

Байланыс: 8 7252-49-03-54
Эл.почта:odvd_uko@mail..ru

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ – БАРША ХАЛЫТЫҢ  МІНДЕТІТүркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Облыстық тері-...
28/04/2023

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУ – БАРША ХАЛЫТЫҢ МІНДЕТІ

Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «Облыстық тері-венерология диспансері» МКК мәжіліс залында: Сыбайлас жемқорлық бойынша, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмауы мен алдын алу мақсатында нақтылай тиісті шаралар негізінде кезектен тыс жиналыс өткізілді.
Қатысқандар: Облыстық тері-венерология диспансері басшының орынбасары А.Зиятаева төрағалық етіп, басшысының орынбасарлары мен барлық бөлім меңгерушілері, аға дәрігерлермен дәрігерлер қатысып ақпараттық-түсіндіру шаралары нақтылай түсінікті болу мақсатында жүргізілді.
КҮН ТӘРТІБІ: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және алдын алу мәселесі бойынша» Облыстық тері-венерология диспансерінің заңгері, комплаенс маманы К.Л.Кыдырбек өз сөзінде: Сыбайлас жемқорлық көлеңкелі экономиканы кеңейтетіні, бәсекелестікке кері әсерін тигізетіні негізінде «пара» бәсекелестік емес мүмкіндіктер жасайды. Бұл нарықтық қатынастарды бұзады, жалпы экономика тиімділігі төмендейді, есесіне жаңа сыбайлас монополиялар құрылатыны, көбінесе ұйымдасқан қылмыспен байланысы бар экономикалық қатынастар орнайтынын түсіндіріп өтті.
Сыбайлас жемқорлық қоғамдық адамгершілікке де, қауіп төндіреді, себебі азаматтар санасында, әсіресе жас ұрпақтарда, өмірдің жоғарғы деңгейіне жетудің негізгі әдісі заңға қайшы қызметпен байланысты екен деген терең өнегесіз сенім қалыптасуы мүмкін. Жемқорлықтың сипатты белгісі лауазымды тұлғаның әрекеті мен және оның жұмыс берушісі арасындағы дау-дамай немесе таңдаулы тұлғаның әрекеті мен қоғам мүддесі арасындағы дау-дамай болуы мүмкін. Жемқорлықтың көптеген түрлері лауазымды тұлғаның іске асыратын алаяқтығымен тұспа-тұс келеді және мемлекеттік билікке қарсы жасалған қылмыс санатына жатқызылатынын атады.
Құқық қорғау органдары мен арнайы қызметкерлердің алдын алу және профилактикалық шараларды күшейту, сыбайлас жемқорлықпен күресуге мүмкіндік береді. Азаматтық қоғамның институты және қоғамдастық сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетіне көптеген шаралар енгізіліп жатыр. Сыбайлас жемқорлық ең қауіпті құбылыс ретінде саясат, экономика және әлеуметтік нәтижелерге өте маңызды әсер ететіндіктен, Қазақстанда төмендетілген динамикаға ие екендігі мәлім.
Сонымен бірге «Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 31 наурыздағы №112 бұйрығымен бекітілген квазимемлекеттік сектор субектілеріндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер туралы үлгілік ережесі талқыланып, кәсіпорынның бөлімшелеріне ақпараттық әдістемелік материалдармен бөлісті. Хаттама 26.04.2023 жылы.

26 марта 2023 года состоялся визит руководителя Управления здравоохранения Туркестанской области Байдувалиева А.М. в Обл...
26/03/2023

26 марта 2023 года состоялся визит руководителя Управления здравоохранения Туркестанской области Байдувалиева А.М. в Областной дермато- венерологический диспансер. Во время посещения руководитель ведомства ознакомился с материально- технической базой ОДВД, работой всех подразделений, встретился с пациентами. Встретившись с медицинскими работниками, Асхан Мархабаевич дал положительную оценку деятельности лечебного учереждения, пожелал дальнейшего плодотворного развития.

ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ НЕМЕСЕ ПРОФИЛЬДІ МАМАНДАРДЫҢ КЕҢЕСТЕРІН ӨЗ ЕМХАНАҢЫЗДАН БАСҚА ЖЕРДЕ АЛУҒА БОЛА МА?☝🏽 Емхананы...
17/03/2023

ДИАГНОСТИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІ НЕМЕСЕ ПРОФИЛЬДІ МАМАНДАРДЫҢ КЕҢЕСТЕРІН ӨЗ ЕМХАНАҢЫЗДАН БАСҚА ЖЕРДЕ АЛУҒА БОЛА МА?

☝🏽 Емхананы еркін таңдау құқығын бірнеше жағдайда ғана пайдалануға болады:

⚡егер бекітілген жері бойынша емханада қажетті маман болмаса немесе оған жазылу мүмкін емес, ал кезекті күту ұзақ уақытқа созылатын жағдайда (10 күннен артық).

⚡егер пациент өзінің ауруы туралы белгілі бір дәрігерге қаралуға дағдыланған болса немесе жақын адамдары ұсынған клиникаға жолдама беруді талап етсе.

❓ Еркін таңдау бойынша диагностикалық қызметтерді немесе профильді маманның кеңесін қалай алуға болады?

⚡ пациент өзінің учаскелік дәрігеріне жүгінеді

⚡ басқа емханаға жолдама алады

⚡ сол жерге дәрігердің қабылдауына жазылады

⚡ дәрігер қабылдауында болады немесе тексеруден өтеді.

❓Қандай медициналық қызметтерді учаскелік дәрігердің жолдамасынсыз алуға болады?

⚡ егер пациентте күттіру мүмкіндігі жоқ төтенше жағдай немесе жарақат болса

⚡ егер пациент стоматологиялық көмекке жүгінсе (жоспарлы немесе шұғыл)

⚡ пациент дерматовенерологқа жүгінген кезде

⚡ егер пациент өзінде онкологиялық немесе гематологиялық ауруға күдік туындаған жағдайда, тар бейінді маманға жүгінсе

⚡ пациент тіркелген жері бойынша гинекологқа немесе психологқа жүгінген кезде

⚡ егер пациент жастар денсаулық орталығына жүгінсе

⚡ пациент қайта жүгінген кезде немесе қатерлі ісікке күдіктенсе

⚡ егер пациент өз ауруын динамикалық бақылау үшін профильді медициналық орталыққа жүгінсе

⚡ медициналық поездарда немесе жылжымалы медициналық кешендерде медициналық қызметтер алу кезінде

☝🏽 Аталған жағдайлардың барлығында пациент медициналық көмек алғысы келетін клиникаға өз бетінше жазылады және белгіленген уақытта дәрігердің қабылдауына келеді.

❓ Қандай жағдайларда пациенттерге басқа емханаларға жолдама берілмейді?

⚡ егер пациентке қажетті қызметтерді өз учаскесінің көрсету мүмкіндігі болса.

🙌 Мысалы, психолог, учаскелік дәрігер, медбике, акушердің қабылдауы, патронаж, актив, иммундау, профилактика, СӨС, босануға дайындық мектебі, кейбір диагностикалық зерттеулер және басқа да қызметтер.

09/03/2023
МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ БІР ЖЫЛҒА АЛДЫН АЛА САҚТАНДЫРЫЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН АЗАМАТТАР ҮШІН 5 ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС➡️ Егер 12 айға төлемдер әр түр...
09/03/2023

МӘМС ЖҮЙЕСІНДЕ БІР ЖЫЛҒА АЛДЫН АЛА САҚТАНДЫРЫЛҒЫСЫ КЕЛЕТІН АЗАМАТТАР ҮШІН 5 ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

➡️ Егер 12 айға төлемдер әр түрлі күндерде жасалса, онда сақтандыру мәртебесі бірден емес, барлық төлемдер өңделгеннен кейін ғана беріледі

* Төлемдер 3 жұмыс күні ішінде өңделеді

➡️Егер 12 айдың бірінде дербес төлеуші ретінде емес, БЖТ төлемі ретінде жүргізілсе, онда мәртебе берілмейді. Алдын ала төлем жасау арқылы сақтандыру мәртебесі тек дербес төлеушілерге беріледі.

✅ Егер сіз БЖТ-ны қате төлеген болсаңыз, онда төлемді "Азаматтарға арналған үкімет "мемлекеттік корпорациясы"КЕАҚ-ға жүгіну арқылы қайтарып ала аласыз

➡️ Егер төлем ағымдағы айдың соңында (27-28-ден кейін) жүргізілсе, онда төлемдерді тексеру келесі айда жүргізілуі мүмкін, яғни сақтандыру мәртебесі берілмейді және пациентке келесі жылдың тағы бір айы үшін қосымша ақы төлеу қажет

➡️ Егер төлем алдағы 12 айға емес, 11 ай үшін жасалса, онда да мәртебе берілмейді️ ️

➡️ 2023 жылы дербес төлеушілер ай сайын 3500 теңге төлейді. Бұл АЕК 5%.

➡️ Егер 2022 жылы 2023 жылдың айларымен қоса бір жылға алдын ала 3000 теңге көлемінде төлем жасалса, қосымша ақы төлеудің қажеті жоқ.

Торжественно поздравляем всю прекрасную половину человечества с 8 Марта! Пусть этот весенний праздник подарит вам прекра...
08/03/2023

Торжественно поздравляем всю прекрасную половину человечества с 8 Марта! Пусть этот весенний праздник подарит вам прекрасное настроение, исполнение всех ваших сокровенных желаний. Желаем вам крепкого здоровья, семейного уюта, благополучия и хорошего настроения. Будьте всегда счастливы, любимы и желанны!
©

Метод фотодинамической терапии успешно применяется в мире уже 40 лет. За это время неоднократно доказана его эффективнос...
01/03/2023

Метод фотодинамической терапии успешно применяется в мире уже 40 лет.

За это время неоднократно доказана его эффективность в борьбе с заболеваниями различного спектра, в число которых входят опухолевые и воспалительные процессы. ФДТ широко используется для коррекции эстетических дефектов, связанных с потерей упругости, эластичности кожи, проявлением пигментации, а также для лечения вирусных и бактериальных поражений.

ПОКАЗАНИЯ К ФДТ:
- возрастные изменения кожи лица, шеи, области декольте, кистей;
- акне и постакне;
- нарушения пигментации;
- кератоз;
- морщины;
- увядание и дряблость кожи;
птоз;
- расширенные поры;
- структурные изменения в тканях;
- розацея;
- доброкачественные новообразования.

Цвет излучения и время процедуры подбираются в соответствии с поставленной задачей, после консультации с косметологом-дерматологом.

Оказание медицинской помощи детям иностранцев, имеющим вид на жительство📍Дети иностранцев, которые имеют вид на жительст...
01/03/2023

Оказание медицинской помощи детям иностранцев, имеющим вид на жительство

📍Дети иностранцев, которые имеют вид на жительство в РК имеют все права наравне с гражданами РК. Они могут входить в льготную категорию и получать медпомощь в полном объеме

❓Как ребенку получить вид на жительство?

✅ Согласно утвержденных Правил о выдаче вида на жительство в РК, пункта 20

"20. Вид на жительство иностранца в Республике Казахстан выдается иностранцам, постоянно проживающим на территории Республики Казахстан, с шестнадцатилетнего возраста сроком действия на десять лет, но не выше срока действия паспорта страны их гражданства."

✔️ Стандартом госуслуги предусмотрено включение информации о детях, не достигших возраста 16-ти лет, при подаче заявления от родителей на получение ВНЖ

🔸Если ребенок родился после получения ВНЖ родителей, то необходимо подать заявление на "привязку" ребенка к ВНЖ родителя/родителей в Миграционную службу

Түркістан облыстық тері-венерология диспансерінде 2023 жылдың 1 наурызы – Алғыс айту күніне орай ашық есік күні өткізіле...
27/02/2023

Түркістан облыстық тері-венерология диспансерінде 2023 жылдың 1 наурызы – Алғыс айту күніне орай ашық есік күні өткізіледі.

Келіңіздер, бір-бірімізге деген мейірімді, достықты және сүйіспеншілікті арттыруға ықпал ету мақсатында жасалынып жатқан іс-шараға қатысыңыздар.

Осы орайда біздің медицина қызметкерлеріне ризашылығын білдіріп алғыс айтамын деушілерге мүмкіндік туып тұр.

———

1 марта 2023 года - День благодарения в Туркестанском областном кожно-венерологическом диспансере!

По этому случаю состоится день открытых дверей.

Приходите и примите участие в мероприятии, которое делается для пропаганды добра, дружбы и любви друг к другу.

В связи с этим выражаем благодарность нашему медицинскому персоналу. Есть возможность для тех, кто говорит спасибо.

В карусели Вы можете посмотреть наши работы ДО|ПОСЛЕ нашего лечения.Заболевание, характеризующееся утратой кожей естеств...
24/02/2023

В карусели Вы можете посмотреть наши работы ДО|ПОСЛЕ нашего лечения.

Заболевание, характеризующееся утратой кожей естественной пигментации при разрушении меланина. При патологии отдельные участки дермы обесцвечиваются, что делает покров пестрым. Заболевание является приобретенным и со временем активно прогрессирует. Пигментные пятна на теле, лечение которых не проводится своевременно, могут увеличиваться в размерах. Именно поэтому очень важно как можно раньше обратиться к врачу.

Причины витилиго

Обычно болезнь развивается у пациентов:

В подростковом возрасте
В период климакса
Во время беременности

Диагностика причины витилиго

Лечение (устранение) причин витилиго всегда проводится только после тщательной диагностики. Важно понимать, что далеко не всегда молочные пятна на коже являются симптомами витилиго. Патологию нередко путают с экземой, дерматитом, лишаем, вторичным сифилисом.

Именно поэтому очень важно провести комплексную диагностику. Она основана на тщательном изучении анамнеза, так как в развитии витилиго определенную роль играют генетические и другие факторы. Патологии всегда предшествует какое-либо заболевание или нарушение в организме.

Поставить точный диагноз можно после биопсии.

Витилиго, лечение которого проводится профессионально и комплексно, в специализированном медицинском центре опытными специалистами, практически всегда дает желаемый результат. Именно поэтому мы настоятельно рекомендуем обращаться к профессионалам!

Науқастың құқықтарын қалай қорғауға болады?егер сіз көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына қанағаттанбасаңыз, мед...
22/02/2023

Науқастың құқықтарын қалай қорғауға болады?

егер сіз көрсетілген медициналық қызметтердің сапасына қанағаттанбасаңыз, медициналық персонал тарапынан дөрекілікке, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде ұсынылатын медициналық қызметтер үшін ақшалай қаражатты талап ету фактілеріне немесе басқа да проблемалық мәселелерге тап болсаңыз, сіз:

пациенттерге қолдау көрсету және ішкі аудит қызметіне көмек сұраңыз. мұндай қызмет әрбір медициналық ұйымда жұмыс істейді. Кері байланыс үшін байланыс деректерін көрсете отырып, жазбаша өтініш жазу жеткілікті. Толығырақ ақпаратты емхананың немесе аурухананың қабылдау бөлімінен білуге болады.



аймақтың денсаулық сақтау басқармасының колл-орталығына жүгіну. барлық медициналық ұйымдар денсаулық сақтау басқармаларына бағынатындықтан, олардың өкілдері Сіздің мәселеңізді шешуге әсер ете алады.



Qoldau 24/7 қосымшасында өтінім қалдыру. сіздің Qoldau 24/7 өтінішіңізден кейін әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының мамандары медициналық ұйыммен хабарласады және қызмет көрсету сапасын тексереді, Егер сіз қандай да бір себеппен оны алмаған болсаңыз, онда олар бас тарту себебін анықтайды. Барлық өтініштер тізілімге тіркеу нөмірін берумен енгізіледі, соның арқасында өтініштің мәртебесін қадағалауға болады.



Telegram-ботында өтінім қалдырыңыз. ол үшін негізгі мәзірде "1406-ға хабарлама жіберу"пәрменін таңдау керек. Өтінімде мәселенің мәні, сондай-ақ аймақтың және медициналық ұйымның атауы болуы керек.



Қордың тәулік бойы жұмыс істейтін 1406 бірыңғай байланыс орталығына жүгіну қажет. Қазақстанның барлық аумағында ұялы және қалалық телефондардан қоңырау шалу тегін.

Жалдамалы қызметкерлер мен жұмыс берушілер МӘМС төлемдері туралы не білуі керек?‼️ Маңызды! Жұмыс беруші қызметкерді МӘМ...
15/02/2023

Жалдамалы қызметкерлер мен жұмыс берушілер МӘМС төлемдері туралы не білуі керек?
‼️ Маңызды! Жұмыс беруші қызметкерді МӘМС үшін жарналар мен аударымдар туралы хабардар етуі тиіс
Қызметкерге төлемнің екі түрі түседі:
📍Аударымдар - оларды жұмыс беруші өз қаражаты есебінен төлейді - 2022 жылы оның мөлшері қызметкер жалақысының 3% құрады. Аударымдардың максималды мөлшері 10 ЕТЖ-дан 3% - дан аспауы керек (3%*10*60000=18000 тг.)
📍Жарналар - оларды жұмыс беруші қызметкердің жалақысынан ұстайды, олар қызметкердің жалақысының 2% құрайды.
Аударымдардың ең жоғары мөлшері 10 еселенген ЕТЖ - 2%(2%*10*70000=14000 тг.)
📌Егер қызметкер МӘМС жарналарын мемлекет төлейтін 5 жеңілдікті санаттың біріне кірсе, онда жұмыс беруші олар үшін аударымдар мен жарналарды төлемейді. Бұл санаттар:
1⃣ балалар
2⃣ зейнетақы жарналарын алушылар
3⃣ "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көп балалы аналар
4⃣ мүгедектер
5⃣ орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру, сондай-ақ жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын адамдар
6⃣ жүктілікке және босануға, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуға, баланы (балаларды) үш жасқа толғанға дейін оның (олардың) күтіміне байланысты демалыстағы адамдар

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАҒИДАТЫН ҰСТАНАТЫНДЫҒЫНЫҢ БЕС ДӘЛЕЛІ💁‍♀️ 2020 жылдан бастап м...
01/02/2023

МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК ҚАҒИДАТЫН ҰСТАНАТЫНДЫҒЫНЫҢ БЕС ДӘЛЕЛІ

💁‍♀️ 2020 жылдан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына жарна төлеу міндетті болып табылады әрі жұмыс пен табыстың бар-жоғына қарамастан ай сайын төлем жасалуы тиіс.

⚡Алайда, мемлекет төлеушіге барлық кезеңді берешек деп қоймайды. Сақтандыру мәртебесін алу кезінде 12 айға төлем жасағаны ескеріліп, бұрын төленбеген барлық кезеңдері автоматты түрде жойылады.

💁‍♀️ Мемлекет азаматтардың әлеуметтік осал санаттарына кіретін 15 жеңілдік санатына, яғни 11 миллионнан астам адам үшін жарна төлейді. Бұл жүйенің әлеуметтік жауапкершілігін және халықтың денсаулығын қорғауға бағдарланғандығын дәлелдей түседі.

💁‍♀️ Д-есепте тұрған әлеуметтік маңызы бар және созылмалы аурулары бар пациенттер медициналық сақтандыру жүйесіндегі сақтандыру мәртебесіне қарамастан, тегін амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қоса алғанда, ауру түрі бойынша барлық қажетті медициналық көмекті алады.

💁‍♀️ Сақтандыру мәртебесінің болмауы адамды шұғыл медициналық көмек алу мүмкіндігінен айырмайды - жедел жәрдем шақыру және созылмалы аурулардың өршуі, қатты ауырсыну, жарақаттар, ЖРВИ немесе COVID-19-ға күдік туындаған жағдайда өзінің немесе жақын маңдағы емхананың фильтр кабинетіне жүгіне алады. Ол үшін мәртебенің болуы және Қорға жарна төлегені туралы ақпараттың керегі жоқ.

⚡Қажет болған жағдайда пациенттердің мәртебесінің бар-жоғына қарамастан шұғыл түрде операциялар жасалады, кейде оның бағасы өте қымбат болуы мүмкін.

💁‍♀️ 5 қыркүйектен бастап МӘМС-ке ешқашан төлем жасамаған немесе оны жүйелі түрде жасамаған дербес төлеушілер МӘМС-ке алдын ала төлем жасауға және өткен 12 айдағы жарналарды төлемей, бір жыл бұрын мәртебе алуға мүмкіндік алды. 2022 жылдың қыркүйегіне дейін өткен жылғы берешекті жаппай, сақтандыру мәртебесін алу мүмкін болмады.

Address

Shymkent

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Odvd_tur posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram