Ордабасы ауданы әкімдігі

Ордабасы ауданы әкімдігі государственное учереждение

📍ЕҢБЕККЕ БАСТАР ІЗГІ МҮМКІНДІКОрдабасы ауданы, Шұбар ауылының тұрғыны Темірәлі Полатов 2025 жылы ІІІ топ мүгедектігі сан...
26/05/2026

📍ЕҢБЕККЕ БАСТАР ІЗГІ МҮМКІНДІК

Ордабасы ауданы, Шұбар ауылының тұрғыны Темірәлі Полатов 2025 жылы ІІІ топ мүгедектігі санаты бойынша мемлекет тарапынан көрсетілген қайтарымсыз грантты иеленіп, өз кәсібін бастауға мүмкіндік алды.

Мемлекеттік қолдаудың нәтижесінде ол көлік бояу және техникалық қызмет көрсету саласында жеке ісін жолға қойып, жаңа бағытта еңбек етуге кірісті.

Бүгінде Темірәлі өз ісін табандылықпен дамытып, ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетіп келеді.

Мемлекеттік қолдау азаматтардың кәсіпкерлік әлеуетін арттырып, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және тұрғындардың тұрмыс сапасының жақсаруына мүмкіндік беруде.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

26/05/2026

🤼‍♂️ҰЛТТЫҚ РУХТЫ ҰЛЫҚТАҒАН ДОДА

📢 ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН ҚОНАҚТАРЫ!

Ордабасы ауданында қазақ халқының біртуар перзенті, тұңғыш кәсіпқой балуан Қажымұқан Мұңайтпасұлының 155 жылдық мерейтойына орай қазақ күресінен ересектер арасында республикалық деңгейдегі турнир ұйымдастырылады.

Іс-шара 30 мамыр күні сағат 12:00-де Темірлан елді мекеніндегі Темірлан спорт кешенінде өтеді.

Аталған іс-шара ұлттық спортты дамытуға, қазақ күресін кеңінен насихаттауға және жас ұрпаққа үлгі көрсетуге бағытталған.

Ұлт намысын арқалаған балуандардың тартысты белдесуін бірге тамашалайық! ✊

☑️ БАДАМДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ🔘Ордабасы ауданында елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, тұ...
26/05/2026

☑️ БАДАМДА ИНФРАҚҰРЫЛЫМДЫ ЖАҢҒЫРТУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛДЫ

🔘Ордабасы ауданында елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту, тұрғындарға қолайлы орта қалыптастыру бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның бірі — Бадам ауыл округінде жүзеге асырылып жатқан жол құрылысы жобалары.

🔘Аудан әкімі Азат Оралбаевтың Бадам ауыл округі тұрғындарымен өткен есепті кездесуінде көтерілген өтініштердің бірі — Орда мөлтек ауданындағы көшелерді асфальттау мәселесі болатын. Тұрғындар ұсынысы назарға алынып, бүгінде ауыл округіне қарасты Пірмаханбетов және Шенгелов көшелерінде жалпы ұзындығы 3,5 шақырымды құрайтын асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде.

🔘Аталған жобаға аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі тарапынан тиісті қаржы қарастырылып, құрылыс жұмыстарын «АДТ Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асыруда.

🔘Жалпы Бадам ауыл округіне қарасты 6 елді мекенде ұзындығы 89 шақырымды құрайтын 93 көше бар. Бүгінде оның 25 шақырымы тас жол болса, қалған бөлігі кезең-кезеңімен асфальт жабындысымен қамтылуда.

🔘Биыл Орда мөлтек ауданындағы 15 көшенің 7 көшесіне асфальт төсеу жұмыстары жоспарланған. Қазіргі таңда оның екі көшесінде жұмыстар басталып, қалған 5 көшеге қатысты жобалар 2027 жылға өтпелі жоба ретінде кезең-кезеңімен жүзеге асырылатын болады.

🔘Сонымен қатар Мамыр ауылында да инфрақұрылымдық жұмыстар қолға алынған. Атап айтқанда, көше жарығы мен аяқ жол салу жұмыстары аяқталып, ендігі кезекте ұзындығы 1,2 шақырымды құрайтын көшеге асфальт төсеу жұмыстары басталмақ.

🔘Жалпы аудан көлемінде жол инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар кезең-кезеңімен жалғасып, тұрғындарға қолайлы әрі қауіпсіз орта қалыптастыруға басымдық берілуде.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

26/05/2026

✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан әкімдерінің халықпен есепті кездесулері жалғасуда. Осыған сәйкес, аудан әкімі Азат Оралбаев Қараспан ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде жан-жақты баяндады.

✔️Кездесу барысында ауыл округіндегі инфрақұрылым, табиғи газ, ауызсу, көше жарығы, аяқ жол, абаттандыру және әлеуметтік нысандарға қатысты жүзеге асырылып жатқан жұмыстар кеңінен баяндалды.
#әкімесебі #ордабасы

✔️ ОРДАБАСЫ: АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУЛЕРІ ҚАЖЫМҰҚАН АУЫЛ ОКРУГІНДЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ✅ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт То...
26/05/2026

✔️ ОРДАБАСЫ: АУДАН ӘКІМІНІҢ ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУЛЕРІ ҚАЖЫМҰҚАН АУЫЛ ОКРУГІНДЕ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ

✅ Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында өткен аудан әкімінің халықпен есепті кездесулері Қажымұқан ауыл округінде қорытындыланды. Кездесу барысында аудан әкімі Азат Оралбаев өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндап, тұрғындармен ашық пікір алмасты.

✅ Жиында Қажымұқан ауыл округінің аудан орталығында орналасқан, әлеуеті жоғары әрі қарқынды дамып келе жатқан аумақтардың бірі екені атап өтілді. Аудан басшысы округтің келбеті мен даму деңгейі ауданның жалпы тыныс-тіршілігін айқындайтынын айтып, бұл бағыттағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуы қажеттігін жеткізді.

✅ Кездесу барысында соңғы жылдары жүзеге асқан ауқымды жобалар мен әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер таныстырылды. Атап айтқанда, аудан көлемінде білім беру саласындағы жаңа ғимараттармен қамту көрсеткіші 100 пайызға жеткен. Жаңа тұрғын үйлер бой көтеріп, халық игілігіне пайдалануға берілуде.
Денсаулық сақтау саласында фельдшерлік-акушерлік пункттермен қамту толық шешімін тауып, аудан орталығында перинаталдық орталықтың құрылысы басталғаны айтылды.

✅ Сонымен қатар Арыс өзені бойында заманауи аквапарк салу жобасы қолға алынбақ. Аудан әкімі бұл бастама ауданның туристік әлеуетін арттырып қана қоймай, кәсіпкерліктің дамуына да серпін беретінін атап өтті.
Аталған жоба сырттан келетін туристер санын көбейтіп, ішкі нарықтың дамуына ықпал етеді. Бұл өз кезегінде қызмет көрсету саласының кеңеюіне, жаңа кәсіп түрлерінің ашылуына және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамтуға мүмкіндік береді.

✅ Жиында тұрғындар тарапынан өндіріс орындарын көбейту жөнінде де ұсыныстар айтылды. Осыған байланысты аудан басшысы биыл өндірістік парк іске қосылатынын жеткізді. Сонымен қатар өндірістік парк пен зауыттарда жаңа жұмыс орындары құрылатыны баяндалды.

✅ Аудан көлемінде әлеуметтік және спорт нысандарының құрылысы да қарқынды жүргізілуде. Атап айтқанда, өнер мектебі пайдалануға беріліп, жаңа бассейн, спорт кешені және ашық теннис корты ел игілігіне ұсынылмақ.

✅ Кездесу барысында мемлекеттік қолдау шаралары кеңінен түсіндірілді. Пилоттық жоба аясында шаруаларға 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беру арқылы кәсіп бастауға қолдау көрсетіліп жатқаны айтылды.
Ауыл шаруашылығында су үнемдеу технологияларын енгізу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Аудан көлемінде тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелері енгізіліп, бұл бағытта мемлекет тарапынан шаруалардың шығындарының 80 пайызға дейінгі бөлігі субсидиялануда.

✅ Алдыңғы кездесулерде көтерілген мәселелерге тоқталсақ, балалар ойын алаңшаларын салу, арықтарға лоток орнату, Самал мөлтек ауданын абаттандыру және Қажымұқан музейіне апаратын жол салу жұмыстары кезең-кезеңімен жүзеге асырылатыны жеткізілді.
Сонымен қатар аудан әкімі «Таза Қазақстан» бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, туған жердің тазалығы мен көркеюі әр тұрғынның жанашырлығынан басталатынын атап өтті.

✅ Кездесу барысында тұрғындар тазалық мәселесі, Ынтымақ көшесіне аяқ жол мен көше жарығын орнату, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару қызметін реттеу, Амангелді көшесіндегі қаңғыбас иттер мәселесін көтерді.
Ауыл округі әкімі бұл бағыттағы жұмыстар бақылауда екенін және тиісті шаралар кезең-кезеңімен жүргізіліп жатқанын баяндады.

✅ Сондай-ақ Қажымұқан көшесіндегі ойылған асфальт мәселесіне қатысты тұрғындардың өтініші назарға алынып, жауапты бөлім басшылары «КХ-15» және «Оңтүстік ГП» мекемелері тарапынан келесі аптада жөндеу жұмыстары басталатынын жеткізді.

✅ Есепті кездесу ашық форматта өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сауалдарына нақты жауап алды.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

✔️ОРДАБАСЫ: ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ҚАРАСПАН АУЫЛ ОКРУГІНДЕ ӨТТІ✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асат...
26/05/2026

✔️ОРДАБАСЫ: ЕСЕПТІ КЕЗДЕСУ ҚАРАСПАН АУЫЛ ОКРУГІНДЕ ӨТТІ

✔️Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан әкімдерінің халықпен есепті кездесулері жалғасуда. Осыған сәйкес, аудан әкімі Азат Оралбаев Қараспан ауыл округінің тұрғындарымен кездесіп, өңірде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар жөнінде жан-жақты баяндады.

✔️Кездесу барысында ауыл округіндегі инфрақұрылым, табиғи газ, ауызсу, көше жарығы, аяқ жол, абаттандыру және әлеуметтік нысандарға қатысты жүзеге асырылып жатқан жұмыстар кеңінен таныстырылды.

✔️Жиында аудан әкімі алдыңғы кездесулерде тұрғындар тарапынан көтерілген бірқатар мәселелердің кезең-кезеңімен шешімін тауып келе жатқанын атап өтті. Атап айтқанда, ауыл округіне қарасты елді мекендердің басым бөлігі табиғи газбен қамтылған. Қазіргі таңда тек Ақпан ауылында газ тарту жұмыстарын бастау жоспарланып отыр. Нәтижесінде Қараспан ауыл округі толықтай табиғи газбен қамтамасыз етілмек.

✔️Сонымен қатар Қараспан магистралды каналының бетондау мәселесі де кезең-кезеңімен қарастырылып жатқаны айтылды.

Аудан басшысы Қараспан ауылының Арыс өзеніне жақын орналасуына байланысты бүгінгі таңда су тапшылығы сезілмейтінін жеткізді. Дегенмен, алдағы уақытта су ресурстарын тиімді пайдалану басты міндеттердің бірі болатынын атап өтті.

— Су — тіршіліктің көзі. Сондықтан ағын суды үнемдеп пайдалану — уақыт талабы. Бүгінде мемлекет тарапынан тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйелерін енгізген шаруаларға қолдау көрсетіліп, шығындардың 80 пайызға дейінгі бөлігі субсидиялануда. Бұл — шаруаларға жасалып отырған үлкен қолдау, — деді аудан әкімі.

✔️Кездесу барысында Берген ауылындағы көпір құрылысына облыстық бюджеттен қаржы қарастыру жөнінде ұсыныс берілгені айтылды. Ал Көлтоған елді мекенінде балалар ойын алаңшасын салу және көше жарығын орнату жұмыстары биыл жүзеге асырылмақ.

✔️Сондай-ақ, тозығы жеткен электр кабель желілерін ауыстыруға қаржы қаралып, тиісті жұмыстар кезең-кезеңімен жүргізілетін болады. Жалпы, округтегі өзекті мәселелердің басым бөлігі кезең-кезеңімен шешімін тауып келе жатқаны айтылды.

✔️Жиын барысында тұрғындар Қараспан ауылындағы С.Сейфуллин көшесін жарықтандыру, Ақпан ауылына трансформатор орнату, Ақпан — Арыс бағыты бойынша қоғамдық көлік қатынасын ұйымдастыру, мәдениет үйін жөндеу, Сарыарық елді мекеніндегі арықтарға лоток орнату, су беру уақытын реттеу, Мақташы ауылындағы мектеп жолындағы аяқ жол құрылысын аяқтау және балалар ойын алаңшасын салу мәселелерін көтерді.

✔️Аудан әкімі аталған ұсыныстар мен өтініштердің барлығы назарға алынатынын айтып, тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар жүктелетінін жеткізді.

✔️Сонымен қатар Ақпан — Арыс бағыты бойынша қоғамдық көлік қатынасына қатысты мәселені әлеуметтік маңызы бар бағыт ретінде аудандық мәслихатқа ұсыну қажеттігі айтылып, тиісті мекемелерге хат жолданатыны мәлімделді. Ал Мақташы ауылына балалар ойын алаңшасын салу мәселесі алдағы жоспарларға енгізілетін болды.

✔️Кездесу соңында аудан әкімі «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының маңыздылығына тоқталып, туған жердің тазалығы мен көркеюі — баршаға ортақ жауапкершілік екенін атап өтті.

— «Тазалық — табалдырықтан басталады» дейді халқымыз. Ауылдың ажары — оның тазалығы мен тұрғындарының мәдениетінде. Сондықтан туған жерімізді таза ұстап, көгалдандыру мен абаттандыру жұмыстарына белсенді атсалысу — әрбір азаматтың парызы, — деді аудан басшысы.

✔️Есепті кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, тұрғындар көкейлеріндегі сауалдарын қойып, нақты жауаптар алды.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25/05/2026

✔️Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында аудан әкімінің тұрғындармен есепті кездесуі Бөген ауылында өтті.

✔️Кездесу барысында аудан әкімі елді мекенде атқарылып жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарларды баяндап, тұрғындар көтерген өзекті мәселелерге жауап берді.
#ордабасы #түркістан #әкімесебі

🥊 ҚҰРМЕТТІ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!🥊 ҚҰРМЕТТІ СПОРТ СҮЙЕР ҚАУЫМ!!Сіздерді 27 мамыр күні сағат 18:00-де «Ынталы Аре...
25/05/2026

🥊 ҚҰРМЕТТІ ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ!

🥊 ҚҰРМЕТТІ СПОРТ СҮЙЕР ҚАУЫМ!!

Сіздерді 27 мамыр күні сағат 18:00-де «Ынталы Арена» спорт кешенінде өтетін жастар мен жасөспірімдер арасындағы ашық «Yntaly Box Show» бокс кешіне шақырамыз!

🔥 Спорттық кеш барысында ауданымыздың талантты былғары қолғап шеберлері бауырлас Қырғызстан Республикасының жас боксшыларымен қолғап түйістіріп, жанкүйерлерге тартысқа толы әсерлі жекпе-жектер ұсынады.

🏆 Жас спортшылардың шеберлігі мен жігерін бағалап, аудан намысын қорғайтын өрендерге қолдау көрсетуге асығыңыздар!

📍 Өтетін орны: «Ынталы Арена» спорт кешені
🕕 Уақыты: 27 мамыр, сағат 18:00

Келіңіздер, бірге жанкүйер болайық!✊

25/05/2026

🏥 ОРДАБАСЫ: ҚАРАСПАНДА ЗАМАНАУИ АМБУЛАТОРИЯ ХАЛЫҚ ИГІЛІГІНЕ ҚЫЗМЕТ ЕТУДЕ

Қараспан ауылында тұрғындардың денсаулығын нығайту, сапалы әрі қолжетімді медициналық қызмет көрсету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асуда.

Биылғы жылдың басында ауылда жаңа амбулаториялық орталық өз жұмысын бастап, бүгінде халыққа тұрақты қызмет көрсетуде. Заманауи талапқа сай жабдықталған медициналық нысанда тнауқастардың сырқатын анықтау, екпе алу және алғашқы медициналық көмек көрсету қызметтері тиімді ұйымдастырылған.

Ауыл тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасалған орталықта медицина мамандары сапалы қызмет көрсетіп, тұрғындардың алғысына бөленуде.

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

25/05/2026

✅ ОРДАБАСЫ: ТӨРЕАРЫҚТА ЖАС ЧЕМПИОНДАР ТӘРБИЕЛЕНУДЕ

✅Қараспан ауыл округіне қарасты Төреарық ауылындағы спорт кешені бүгінде ауыл жастарының рухын шыңдап, болашақ чемпиондарды тәрбиелейтін маңызды орталыққа айналды.

✅Былтыр ел игілігіне берілген заманауи спорт нысаны қазіргі таңда тұрақты жұмыс жасап, жас спортшылардың жаттығуына барлық мүмкіндік жасап отыр. Мұнда спортқа қызығушылығы жоғары жастар шынығып, аудан намысын қорғап жүрген талантты өрендер тәрбиеленуде.

✅Көк Туымызды көкке көтеріп, аудан абыройын асқақтатар жас чемпиондардың қатары арта берсін!

Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Address

Kazakhstan, Turkistan Oblysy
Shymkent
160600

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Ордабасы ауданы әкімдігі posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share