12/10/2023
Танысайық🤗
Мен Камал Дилноза Бахадырқызы қазір балаларды ерте жастан дамыту орталығының негізін қалаушысы, Шорнақ ауылының тумасымын.
1.2011ж Т.Айтжанов атындағы жалпы орта мектебін үздік бітіріп,Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетіне ағылшын филологиясы мамандығына тапсырдым.
2. 2013 ж Түркия елінен университете тарапынан жіберіліп тәжірибеден өттім.
3.2015ж Университетті бітіріп, магистратураға грантқа 1 бал жетпей күйініп 😉Түркістанда жер басып жүргім келмей😄 Астанаға кетіп қалдым.Содан Астана қаласында развивающие центрде 6 ай жұмыс жасап, балалармен жұмыс жасап, олардың даму сатысына қызығушылық танытуым осы сәттен басталған😍
4. 2016ж Қайтсемде магистр дәрежесін аламын деп қайтып келіп тапсырып,МКТУ ға грантқа онымен қоса Шорнақта өзім бітірген мектепке ағылшын тілі пәні мұғалімі болып жұмысты бастап кеттім.Алланың қалауын айтамда, бір жыл бұрын түскенімде жүретін едім тек унвер стипендиясымен, Алланың қоятұр келесі жылы мен сені ақшаға қарық қыламын дегенің білсемғой бір жыл алдын шіли күйінбес едім деп коямын.😄Осы жылдарыда Алладан түйе 🐫 сұрасаң, бие береді дегеннің мағынасын түсінген жәйым бар.
5. 2018 ж тұрмысқа шығып, Құдай қосқан жарымнан бір сәткеде айрылғым келмей😉😄 жарымның жұмыс жасап жатқан мектебіне яғни Р. Исетов атындағы #20 мектепке ауысып алып,қазір декреттік демалыста отырмын.
5. Құдайға шүкір,қазір 2 ұл,1 қыздың анасымын.
6. 2022ж Айнұр Алдаш ханымның Балалар психологиясы негіздері курсынан өттім.
7. 2023ж Меруерт Изат ханымның балаларды ерте жастан дамыту курсын оқып бітірдім.
Жалпы айтқанда, 8 жылдық тәжірибесі бар ,педагог магистр,балалармен жұмыс жасағанды жаны сүйетін маманмын.
Ал,кезек сізде?,өзіңізді таныстыра отырыңыз....👇