13/06/2025
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын осы мерекенің жаңа ұранын белгілейді. Биылғы Бүкіләлемдік донор күні қан донорлығының нақты аспектілеріне бағытталған ерекше тақырыпқа ие:
«Сдавайте кровь, дарите надежду. Вместе спасаем жизни!»
«Қан тапсырып, үміт сыйлаңыз. Өмірді бірге сақтайық !»
Осы ұранның мағынасы - бүкіл әлем бойынша өтеусіз ерікті түрде қан өткізуге шақыру және қажетті мөлшердегі қан қорының болуына назар аудару.
Облыстық қан орталығы Жетісу облысының 10 ауданы мен Талдықорған қаласындағы 10-нан астам денсаулық сақтау ұйымдарын қан компоненттері мен стандарттық диагностикумдармен қамтамасыз етеді. Өткен 2024 жылы 4 тоннадай қан дайындалып, 16 091 доза қан компоненттері медициналық мекемелерге берілген. Бұл дегеніміз қаншама құтқарылған өмір десек те болады.
Бұл ерекше мереке, жоғарыда айтып өткеніміздей, қан донорлығының маңыздылығын ұмытпас үшін ұйымдастырылады, және де өз қанымен бөлісіп, мұқтаж жандарға өмір сыйлап жүрген донорларға алғыс білдіретін күн.
Осы орайда, бүгінгі іс-шараға Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының басшы орынбасары Нұрманбетова Ж.Н. алғыс сөз айтып донорларды және облысымыздың қан тапсыруға ат салысып жүрген атаулы медицина мекеме басшыларын марапаттады. Жетісу облыстық мәслихатының төрайымы Г. К. Тойлыбаева бастаған, Аманат партиясы, Ауыл партиясы, Қазақстанның Қызыл Жарты Ай қоғамы, Халық банк, Халық-Life, Жетісу телерадиокомпаниясына, Вестник Жетісу газетінің редакциясына іс-шараға қатысып, демеуші болып донорларды қолдағаны үшін шексіз алғысымызды білдіреміз.