
06/09/2025
Талғар ЦРБ қызметкерлері Конституция күніне арналған турнирде жүлдегер атанды
2025 жылдың 27 тамызында Талғар ауданы әкімінің жүлдесі үшін мекемелердің штаттық қызметкерлері арасында шағын футболдан турнир өтті. Жарыс №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің алаңында ұйымдастырылып, ол Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналды.
Турнирдің басты мақсаты – ұжымдар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, достық қарым-қатынасты нығайту және спорттық шеберлікті арттыру болды.
Аталған жарысқа Талғар ауданындағы түрлі мекемелердің командалары қатысты. Өздерінің ұйымшылдығы мен шеберлігін көрсеткен Талғар орталық аудандық ауруханасының қызметкерлері турнирде ерекше көзге түсіп, ІІ орынға ие болды.
Жүлдегерлер арнайы кубок, медальдар және дипломдармен марапатталды.
Бұл жетістік – ЦРБ ұжымының бірлігін, салауатты өмір салтын қолдауға деген ұмтылысын және спортқа деген ықыласын айқын көрсетеді. ⚽ Біздің команда құрамасы:
Қанатұлы Жәнібек
Абылай Мұхамедәлиев
Баттеев Диас
Нұрзатов Амир
Жалғасов Нұрлыбек
Оралбек Сәғи