Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

  • Home
  • Kazakhstan
  • Taraz
  • Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы

Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы Медицина и здоровье
Басқарманың Cенім телефоны 8 (7262) 43 59 96

10/04/2026

# # #ҰЛТСАУЛЫҒЫ

10/04/2026

❇️Жамбыл жоғары медициналық колледжі – тарих пен тағдырдың тоғысқан қасиетті белесі, тоқсан жылдық бай мұра мен мамандық жолының бастау көздері. 1936 жылы негізі қаланған бұл білім ордасы, бүгінгі таңда еліміздің денсаулық сақтау саласы үшін білікті, бәсекеге қабілетті орта буын мамандарын даярлайтын іргелі оқу орнына айналып отыр.

✅Толығырақ, бүгін 20:00-де «Jambyl» телеарнасынан көре аласыздар.

09/04/2026

№2 емхана Жастар денсаулық орталығында адам құқықтары тақырыбында білімгерлермен кездесу өткізіліп, мазмұнды сұхбат жүргізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға адам құқықтарының маңыздылығы түсіндіріліп, өзекті сұрақтарға жауап берілді.

Сонымен қатар, №2 емханаға келушілер арасында заң аясында жеке кеңестер беріліп, әр азаматтың құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жұмыстар жүргізілді.
#адамқұқықтары #денсаулық #құқықтықсауат #Жамбылоблысы #кездесу #кеңес

В Тараз обсудили развитие органного донорства и трансплантационной службыСегодня под председательством и.о. руководителя...
08/04/2026

В Тараз обсудили развитие органного донорства и трансплантационной службы

Сегодня под председательством и.о. руководителя управления здравоохранения Жамбылской области Лауры Отарбай состоялось рабочее совещание, посвященное вопросам развития органного донорства и трансплантационной и нефрологической службы с участием руководителей медицинских организаций региона.

Отмечено, что развитие трансплантологии является стратегическим направлением государственной политики в сфере здравоохранения. Трансплантация остается жизненно важным методом лечения тяжелых заболеваний, однако в Казахстане сохраняется острый дефицит донорских органов. В связи с этим особое значение приобретает формирование доверия общества к системе посмертного донорства.

С основным докладом о состоянии и мерах по развитию донорства в Казахстане и Жамбылской области выступила региональный координатор по трансплантации, главный внештатный нефролог УЗО Аякоз Баймуратова.

По её данным, в стране по состоянию на 10 января 2025 года в листе ожидания на трансплантацию органов находятся 4117 пациентов, из которых 97,7% составляют взрослые (4021 человек) и 2,3% — дети (96 человек). За период с 2020 по 2024 годы выполнено 1005 трансплантаций, при этом 92,1% операций проведены от прижизненных доноров и лишь 7,9% — от посмертных. Стратегической задачей определено увеличение доли посмертного донорства до 85% при снижении прижизненного до 15%.

В Жамбылской области в листе ожидания находятся 137 пациентов, из них 122 (в том числе 5 детей) нуждаются в трансплантации почки, что напрямую связано с числом пациентов на программном гемодиализе — 439 человек. В регионе функционирует 11 диализных центров. Потребность в трансплантации печени составляет 8 человек, сердца — 7 человек.

В 2024 году выполнено 25 трансплантаций почек и 5 печени, при этом только один случай связан с посмертным донором. За 8 месяцев 2025 года проведено 7 трансплантаций почек, все — от прижизненных доноров.

Посмертное донорство в области развивается крайне медленно: за 2014–2017 годы зарегистрировано 4 посмертных донора, за последние годы — ещё 2 случая (2023 и 2025 годы), что свидетельствует о низкой реализации донорского потенциала.

Таким образом, система трансплантации органов в Казахстане и Жамбылской области характеризуется высокой потребностью в пересадке органов, особенно почек, значительной зависимостью от прижизненного донорства и недостаточным развитием посмертного донорства. Несмотря на наличие инфраструктуры, уровень реализации донорского потенциала остаётся низким, что требует системных мер.

Эксперты подчеркнули, что ключевая роль принадлежит обществу: важно формировать доверие к системе донорства, объяснять её этические основы и разрушать существующие мифы. Особая роль в этом процессе отводится врачам, представителям духовенства, психологам и средствам массовой информации.

По итогам совещания определено приоритетное направление дальнейшей работы — усиление информационно-разъяснительной работы среди населения. Отмечено, что одно решение о донорстве способно спасти несколько жизней.

Таразда ағза донорлығы мен трансплантациялық қызметті дамыту мәселелері талқыландыБүгін Жамбыл облысы денсаулық сақтау б...
08/04/2026

Таразда ағза донорлығы мен трансплантациялық қызметті дамыту мәселелері талқыланды

Бүгін Жамбыл облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Лаура Отарбайдың төрағалығымен өңірдегі медициналық ұйымдар басшыларының қатысуымен ағза донорлығы мен трансплантациялық және нефрологиялық қызметті дамыту мәселелеріне арналған жұмыс кеңесі өтті.

Жиында трансплантологияны дамыту денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағыты екені атап өтілді. Ауыр дерттерді емдеуде трансплантация өмірді сақтайтын маңызды әдіс болғанымен, елімізде донорлық ағзалар тапшылығы әлі де өзекті күйінде қалып отыр. Осыған байланысты қоғамда мәйіттік донорлық жүйесіне деген сенімді қалыптастырудың маңызы зор.

Кеңесте Қазақстан Республикасы мен Жамбыл облысындағы донорлық саланың қазіргі ахуалы және оны дамыту шаралары туралы негізгі баяндаманы трансплантация бойынша өңірлік үйлестіруші, денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас нефрологы Аягөз Баймұратова жасады.

Оның мәліметінше, 2025 жылғы 10 қаңтардағы жағдай бойынша елімізде ағза трансплантациясын күтіп тұрған 4117 науқас тіркелген. Оның 97,7 пайызы — ересектер (4021 адам), ал 2,3 пайызы — балалар (96 бала). 2020–2024 жылдар аралығында барлығы 1005 трансплантация жасалған. Оның 92,1 пайызы тірі донорлардан жүзеге асырылса, небәрі 7,9 пайызы ғана мәйіттік донорлар есебінен орындалған. Алдағы кезеңге қойылған негізгі міндеттердің бірі – мәйіттік донорлық үлесін 85 пайызға дейін арттырып, тірі донорлар үлесін 15 пайызға дейін төмендету.

Жамбыл облысында қазіргі таңда трансплантация кезегінде 137 науқас тұр. Оның ішінде 122 адамға (соның ішінде 5 бала) бүйрек ауыстыру қажет. Бұл көрсеткіш өңірдегі бағдарламалық гемодиализ алатын 439 науқастың санына тікелей байланысты. Облыста 11 диализ орталығы жұмыс істейді. Сонымен қатар, бауыр трансплантациясына 8 адам, жүрек трансплантациясына 7 адам мұқтаж.

2024 жылы өңірде 25 бүйрек және 5 бауыр трансплантациясы жасалса, олардың тек біреуі ғана мәйіттік донор есебінен жүзеге асқан. Ал 2025 жылдың алғашқы 8 айында 7 бүйрек трансплантациясы жасалып, барлығы да тірі донорлардан алынған.

2014–2017 жылдары 4 мәйіттік донор тіркелсе, соңғы жылдары небәрі 2 жағдай (2023 және 2025 жылдары) ғана тіркелген. Бұл донорлық әлеуеттің жеткілікті деңгейде іске аспай отырғанын көрсетеді.

Жалпы алғанда, Қазақстанда және Жамбыл облысында ағза трансплантациясы жүйесінде сұраныс жоғары, әсіресе бүйрек ауыстыруға мұқтаждық басым. Сонымен қатар, тірі донорлыққа тәуелділік сақталып, мәйіттік донорлықтың даму деңгейі жеткіліксіз күйінде қалып отыр. Қажетті инфрақұрылым болғанымен, донорлық әлеуетті пайдалану деңгейі төмен, бұл жүйелі шараларды талап етеді.

Сарапшылар бұл бағытта қоғамның рөлі ерекше екенін атап өтті. Донорлық жүйесіне деген сенімді қалыптастыру, оның этикалық негіздерін түсіндіру және қалыптасқан қате түсініктерді жою маңызды. Бұл ретте дәрігерлер, дін өкілдері, психологтар мен бұқаралық ақпарат құралдарының атқаратын рөлі айрықша.

Жиын қорытындысы бойынша алдағы жұмыстың басым бағыты ретінде халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту айқындалды. Айта кету керек, донор болуға қабылданған бір ғана шешім бірнеше адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік береді.

07/04/2026
07/04/2026

7 сәуір – Дүниежүзілік денсаулық күні 🌍

Осы атаулы күнге орай медицина қызметкерлерінің қатысуымен әсерлі флешмоб өтті ✨

Іс-шара барысында ақ халатты абзал жандар салауатты өмір салтын насихаттап, қоғамға үлгі көрсетті 🩺

Көтеріңкі көңіл-күй, бірлік пен белсенділік – флешмобтың басты көрінісі болды 💙

Денсаулықты сақтау – әр адамның өз қолында! 🌿

07/04/2026

Күнделікті жаттығу, жаңа көтеріңкі көңіл-күй сыйлайды.

Бұл – тек денені шынықтыру ғана емес, сонымен қатар ұжымдық бірлікті нығайтып, жұмысқа деген жігерді арттырудың тамаша тәсілі.

7 сәуір - Дүниежүзілік денсаулық күні

Address

Улица Желтоксан, 78
Taraz
080000

Opening Hours

Monday 09:00 - 18:00
Tuesday 09:00 - 18:00
Wednesday 09:00 - 18:00
Thursday 09:00 - 18:00
Friday 09:00 - 18:00
Saturday 08:00 - 17:00
Sunday 08:00 - 17:00

Telephone

+77262433636

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Жамбыл облысы әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасы:

Share