27/03/2026
Раиса Салмағанбетқызы Күзденбаеваға арналған естелік
Терең қайғыра отырып, көрнекті ғалым, педагог және қоғам қайраткері Раиса Салмағанбетқызы Күзденбаеваның дүниеден өткенін хабарлаймыз. Оның өмірден өтуі – отандық ғылым, медицина қауымдастығы және Қазақстанның дәрілік қамтамасыз ету жүйесі үшін орны толмас ауыр қаза. Ол саналы ғұмырының жарты ғасырдан астамын фармакология ғылымына, жас мамандарды тәрбиелеуге және ұлттық ғылыми мектепті дамытуға арнады.
Раиса Салмағанбетқызы 1942 жылғы 3 сәуірде Ақтөбе қаласында дүниеге келген. Жастайынан оның бойынан ғылымға деген ұмтылыс пен табандылық айқын көрінді. Ақтөбе медицина институтын үздік бітіргеннен кейін, ғылыми жолын жалғастырып, Мәскеуде кандидаттық диссертациясын қорғады. Сол жерде өзінің өмір бойы адал қызмет еткен ғылыми бағытын айқындады.
Елге оралған соң, ол өмірін білім беру мен ғылымға арнады. 35 жыл бойы фармакология кафедрасын басқарып, көптеген ғылым кандидаттары мен докторларын тәрбиелеп шығарды. Ол шәкірттері үшін тек ұстаз ғана емес, кәсіби және адами тұрғыда үлгі бола білді. Оның дәрістері мазмұндылығымен, тереңдігімен ерекшеленіп, студенттерді ізденіске, зерттеуге және медицинаға адал қызмет етуге шабыттандырды.
Раиса Салмағанбетқызының ғылыми мұрасы – жүздеген ғылыми мақалалар, монографиялар, патенттер мен отандық дәрілік препараттарды әзірлеу еңбектерінен тұрады. Ол Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі әрі академигі, сондай-ақ Қазақстанның профилактикалық медицина академиясының және Клиникалық және іргелі медицина академиясының академигі болды.
Оның еңбек жолындағы маңызды кезеңдердің бірі – Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығындағы қызметімен байланысты. Бұл жерде ол фармакологиялық сараптама жүйесін дамытуға елеулі үлес қосты. Соңғы күндеріне дейін белсенді еңбек етіп, ғылыми-білім беру бағытына жетекшілік жасап, тәжірибесімен бөлісіп, әріптестері мен шәкірттеріне қолдау көрсетті.
Оның еңбегі жоғары мемлекеттік наградалармен және кәсіби қауымдастықтың зор құрметімен лайықты бағаланды. Алайда, ол үшін ең үлкен марапат – шәкірттерінің жетістігі мен еңбегінің халық игілігіне қызмет етуі еді.
Раиса Салмағанбетқызы Күзденбаева әріптестері мен шәкірттерінің жадында биік адамгершілік қасиеттерімен, кәсіби адалдығымен және рухани күш-қуатымен мәңгі сақталады. Оның ғұмыры – ғылым мен адамзатқа адал қызмет етудің жарқын үлгісі.
Ұжым, шәкірттері мен әріптестері марқұмның туған-туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады.
Жаны жәннатта болсын.
***
Памяти Раисы Салмаганбетовны Кузденбаевой
С глубокой скорбью сообщаем о кончине выдающегося учёного, педагога и общественного деятеля-Раисы Салмаганбетовны Кузденбаевой. Её уход – большая утрата для отечественной науки, медицинского сообщества и всей системы лекарственного обеспечения Казахстана. Более полувека своей жизни она посвятила фармакологии, воспитанию молодых специалистов и развитию национальной научной школы.
Раиса Салмаганбетовна родилась 3 апреля 1942 года в Актобе. С ранних лет в ней проявились качества, определившие ее дальнейший путь в науке. Получив диплом с отличием Актюбинского медицинского института, она продолжила научную карьеру и уехала в Москву, где защитила кандидатскую диссертацию и определила направление, которому осталась верна на протяжении всей своей профессиональной жизни.
Вернувшись на родину, она связала свою судьбу с преподаванием и наукой. На протяжении 35 лет возглавляла кафедру фармакологии, сформировав целую плеяду кандидатов и докторов наук, для которых стала не только наставником, но и настоящим ориентиром в профессии и жизни. Её лекции отличались ясностью, глубиной и вдохновляли студентов на поиск, исследование и служение медицине.
Научное наследие Раисы Салмаганбетовны включает сотни публикаций, монографии, патенты и разработки отечественных препаратов. Она была членом-корреспондентом и академиком Национальной академии наук РК, а также академиком Академии профилактической медицины Казахстана и Академии клинической и фундаментальной медицины.
Важный этап её деятельности был связан с Национальным центром экспертизы лекарственных средств и медицинских изделий, где она внесла значтельный вклад в развитие системы фармакологической экспертизы. До последних дней она оставалась активной, продолжала руководить научно-образовательным направлением, делилась опытом, поддерживала коллег и учеников.
Её заслуги по праву отмечены высокими государственными наградами и признанием профессионального сообщества. Но главной наградой для неё всегда оставались результаты её учеников и польза, которую её труд приносил людям.
Раиса Салмаганбетовна Кузденбаева останется в памяти коллег и учеников как человек высокой порядочности, профессиональной преданности и внутренней силы. Её жизнь-пример служения науке и людям.
Коллектив, ученики и коллеги выражают искренние соболезнования родным и близким.
Светлая память.