17/04/2026
І🔥*Бүгін ортақ күн -4️⃣
🔥*Жұма*
🔥*Киімнің түсі!*
1. *Қызғылт* 💖
2. *Көгілдір* 💎
3. *Ашық көк* 🧢
4. *Көк* 🟦
5. *Жасыл* 🟩
6. *Сұр*🔘*Қайырлы таң, жанымдағы жақсы адамдарым!*
Жұма — берекенің, тыныштықтың, қабыл болатын дұғалардың күні.
Бүгін жүрегіңізге жеңілдік, ойыңызға тыныштық, өміріңізге нұр тілеймін.
Әрбір басталған ісіңізде жеңілдік болсын, әрбір қадамыңыз сәттілікке толы болсын!
Үйіңізге береке, деніңізге саулық,
жүрегіңізге махаббат пен мейірім орнасын!
*Бүгін өзіңізге де, өзгеге де жылы сөз арнауды ұмытпаңыз…* Бір ауыз жақсы сөз — бір жүректі емдейді!
Жұма қабыл болсын! Алла барша дұғаларыңызды қабыл етсін! Әумин!🤲🤲🤲*Бүгін Сюцай ғылымы бойынша ортақ күннің энергиясы 4️⃣!*
4️⃣ – *Мистикалық күннің талаптары!*
🔮 Бүгін *Раху* энергиясы белсенді. Бұл күн — тағдырдың жасырын есіктері ашылатын, ой мен көңіл күй тез іске асатын күн.
✅ *БҮГІН НЕ ЖАСАУҒА БОЛАДЫ?*
✔️ *Жағымды көңіл күйді сақтау!*
→ Қуаныш, ризашылық, сенім – бүгін табысты көбейтеді.
Күтпеген жаңалықтар мен тосын сыйлар келеді.
✔️ *Аяқталмай қалған істерді бітіру!*
→ Кейінге қалдырылған дүниені жабуға ең қолайлы күн.
✔️ *Жаңа мақсаттар қою!*
→ Бірақ асықпай, ішкі тыныштықпен.
✔️ *Білім алу!*
→ Курстар, оқу, рухани ізденіс өте сәтті.
✔️ *Шүкіршілік пен алғыс айту!*
→ Кішкентай алғыс – үлкен мистикалық есік ашады.
✔️ *Дене арқылы сана тәртібіне келу!*
→ +45°С ысқылтым су
→ 10 000 қадам (шамамен 5 км/сағ)
→ Тазалық, тәртіп – энергияны реттейді.
✔️ *Адамдармен қарым-қатынасты дұрыстау!*
→ Біреуден мін көрсеңіз – жақсы жағын табуға тырысыңыз.
➖-ты ➕-ке айналдыру — бүгінгі басты практика.
❌ *БҮГІН НЕ ЖАСАМАУ КЕРЕК!*
❌ *Маңызды келісімдерге қол қою!*
→ Құжат, ірі шешім, заңды келісімдерге қолайсыз.
❌ *Көңіл толмаушылық, реніш, шағым!*
→ Қанағатсыздық — күтпеген шығынға әкелуі мүмкін.
❌ *Асығыс, эмоциямен шешім қабылдау!*
→ Раху күні иллюзия береді, сабыр маңызды.
❌ *Адамдарды сынау, кінәлау!*
→ Сынаған нәрсе өз өміріңізге қайтып келуі мүмкін.
🌺 *Мистикалық қабылдау формуласы!*
Бүгін кез келген жағдайды былай қабылдаңыз:
«*Бұл – мен үшін жақсыға жұмыс істеп жатыр»*
Автобусқа кешіксеңіз — қуаныңыз.
Кездесу өтпей қалса — сеніңіз.
Бүгін әр “кедергі” – жасырын тосын сый!