DaraMed

DaraMed Оздоровительный центр DARAMED предлагает лечение без лек?

10.06.2023ж. Сенбі. Кешкі Астана. “Ұрпақтар күні”-жанұялық жарыс. Есіл өзені. Жағалау.
10/06/2023

10.06.2023ж. Сенбі. Кешкі Астана. “Ұрпақтар күні”-жанұялық жарыс. Есіл өзені. Жағалау.

Бас қала. “Жерұйық” саябағы. Әдеттегідей күнде осында таңертеңгілік бой жазуда жүргенбіз. Көбіне жылдамдатып, 12-15000 қ...
05/08/2022

Бас қала. “Жерұйық” саябағы.

Әдеттегідей күнде осында таңертеңгілік бой жазуда жүргенбіз. Көбіне жылдамдатып, 12-15000 қадам жүреміз.
Бүгін де солай келе жатсақ, алдымыздан бөкен желіске салып, жүгіріп келе жатқан ақсақалды кездестірдік.
-Ассалаумағалейкум!-деп сәлемдесіп өте шықтық.
Екінші айналымда қайта кездескенде, ақсақал бізге бұрылып, қолымызды алып сәлемдесті.
-Мен көптен осы паркте жүгірем, бірақ сәлем берген адамды көрмедім. Рахмет! Атым Болат болады, қыпшақпын.
-Ата қайдансыз?-деген сұрағымызға.
-Осы қалада туып өсіп келемін. Ешқайда көшпей 4 қаланы ауыстырдым,-деген сөзіне түсінбей қалғанымызды білдірдік.
-Целиноград, Ақмола, Астана, Нұрсұлтан,-дегенде, күліп жібердім.
-Ата, жасыңыз нешеде,- дегенімізге, тақпақтатып, өлең жолдарын айта бастады.
-Қайталаңыз,- деп жазып алдым.
Видеоны көрсеңіз, жазыңыз, сонда, атамыз нешеде болғаны?

Атыраудан үйге астанаға бет алдық!Астанамызды сағындық, үйді сағындық, балаларымыз асыға  күтіп отыр. Олар да “сағындық,...
23/07/2022

Атыраудан үйге астанаға бет алдық!
Астанамызды сағындық, үйді сағындық, балаларымыз асыға күтіп отыр. Олар да “сағындық, қашан келесіздер?”-деп күнде телефон соғады.
Рахмет! Бізді өзінің жанұясы ретінде күткен, сонау медучилищеден достық көңілі саязданбаған, Роза ханымға!!!
Рахмет! “Сендер келем дегенде, балаларым қатты қуанып қалады!”-деп әрдайым ақжарқын көңілімен, ақ дастарқанын жаятын, Ақтөбе мединститутынан достық көңіліміз жарасып кеткен Маруаға, балдарына!!!
Рахмет! Атырауға шықтық дегеннен асыға аэропорттан күтіп алып, шығарып салатын Ерлан бауырымыз бен бізді күні бойы дастарқанын жимай, тамақтан аузымызды босаттырмайтын Тоғжан келінге!!!
Рахмет! Осы жылдары DARAMED-тен ем алып, содан ағайындай болып кеткен, келген сайын үйлеріне қонақ етіп шақыратын, алыста жүр ғой деп, көңілімізді аулайтын Рамазан, Сарсенбай, Жанат жанұяларына!!!
Сау бол Атырау! Кездескенше!

20/06/2022

Астаналық “DARAMED” сауықтыру орталығы былтырғы жылы бірнеше рет іссапарда болып, еліміз бойынша сырқат жандарға көмек берген еді. Бірнеше рет Жамбыл, Маңқыстау, Атырау, Орал облыстарында болып, шалғайдағы ауыл тұрғындарынының сырқаттарын жеңілдетуге, ауыруынан жазылуға көмек қолын созған - ды.
Осындай дәстүрімізді биылғы жылы да жалғастырудамыз. Келесі іссапарымызды Атырау облысы Жасқайрат ауылында жалғастырғалы отырмыз.

Құрметті Миалы ауданы тұрғындары!

"DARAMED"- дәрігерлеріне
төмендегі сырқаттар бойынша қаралуға және емделуге болады:

жоғары қан қысымы(гипертония);
остеохондроз;
омыртқа грыжасы;
протрузия;
қант диабеті;
простатит;
аднексит;
эндометриоз;
буын аурулары-
артроз;
артрит,
стресс;
неврит;
мигрень;
Инсульт пен инфарктен кейінгі оңалту;
Ерлер және әйелдер бедеулігі;
COVID-тен кейінгі реабилитация;
шаршағандық (хроническая усталость);
беттегі сепкілдер, безеулер және басқалар;

Дәрігерлер өздерімен бірге Жапония, Оңтүстік Корея емдік аппараттарын ала келмек.

Address

г. Астана, Улица 179, 6
Tselinograd

Opening Hours

Monday 09:00 - 20:00
Tuesday 09:00 - 20:00
Wednesday 09:00 - 20:00
Thursday 09:00 - 20:00
Friday 09:00 - 20:00
Saturday 09:00 - 20:00
Sunday 09:00 - 20:00

Telephone

+77078558309

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when DaraMed posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Share