Coral clab

Coral clab 25 лет на рынке

19/02/2026
Маями❤️
11/02/2026

Маями❤️

09/02/2026

Көп адам шетелде оқу үшін көп ақша немесе таныс керек деп ойлайды. Бірақ шындық басқаша. Ең алдымен - ниет, батылдық және әрекет керек.

Ащы болса да шындық: кейбіреулер бәрін түсінеді, бәрін біледі. Шетелде оқып жүрген адам өзіне ғана емес, балаларының болашағына инвестиция жасап жатқанын да көреді. Бірақ қорқыныш, еріншектік, сенімсіздік жеңіп кетеді.

“Курсқа ақша жетпейді”,
“Барсақһ қалай күн көреміз?”,
“Ақшаны қайдан табамын?”-деп, әлі бастамаған жолдың уайымымен өздерін шаршатады, энергиясын босқа жұмсайды.

Бірақ бір сәт ойланып көрдіңіз бе: егер жүрегіңізге шетелде оқу туралы ой келсе - бұл жай ғана ой емес. Бұл сізге берілген мүмкіндік.

Сізге керегі -ТЕК ӘРЕКЕТ.
Қалғанының бәрі жолда шешіледі.
Саяхатқа да, тіршілікке де, ризыққа да Жаратқан жол ашады.

27/01/2026

Көп адамдар Америкаға оқуға келгісі келеді. Бірақ, алдын-ала күйеуіңізбен қарым-қатынасыңызға қараңыз деп айтқфм келеді. Бұл да маңызды нәрсе. Себебі Қазақстандағыдай Америкада ата-ана көмегі жоқ. Туыс жоқ. Көрші қарап қояды деген де жоқ.
Екіншіден, жолдасыңыз қандай да болсын жұмысты жасауға дайын болуы керек. Америка жалқауларды аямайды. Себебі, Қазақстаннан келген адамға квартира қымбат, тамақ қымбат, такси қымбат. Ал жақсы жұмыс тапса, отбасы үшін аянбай еңбек етуге дайын болса онда жеңіл.

Сондықтан мұнда ерлі-зайыпты — жай ғана ғашық жандар емес, бір команда болуы керек.

Америкада романтикадан бұрын
жауапкершілік тексеріледі. Шаршағанда да, стресс болғанда да, баламен, жұмыспен, тұрмыспен бірге күресесіңдер. Тек қана әйелге жүктеп қою деген мүлдем болмайды

Егер Америкаға көшеміз деп шешсеңдер,
алдымен:
💫қарым-қатынасты
💫бір-біріңе деген төзімді
💫қолдауды күшейтіңіздер

Өйткені бұл елде отбасы — сенің ең үлкен тірегің.

15/01/2026

“Один Дома” фильмін тірі оркестрмен 2 сағат тамашалап шықсам, ұлым әкесімен көлікте 2 сағат жылапты…. Бұл бір жыл бұрын Ахметтің 2 айында барған кезім. Ана болған соң қуаныш та, кінә да бірге жүреді екен. Балаң осылай жылағаннан кейін, тірі оркестрден алған рахатты тез ұмытып кетеді екенсің. Сіздерде де сондай сәттер болды ма?
Бұл сезімді әр ана түсінеді деп ойлаймын.

09/01/2026

Қандай істе де батылдық болсын☝️
1 ғана қабылданған шешім қәзір өмірімізді өзгерткені рас. 2026 жылға басқаша жоспарлар құрып жатырмын әлі де. Ал, одардың орындалуы үшін маған батылдық пен әрекет керек.

Жылқы жылы - қозғалыс пен өрлеудің жылы.

Бұл жыл саған еркіндік, батыл қадамдар мен үлкен жеңістер әкелсін.

Жылдам қадам, биік мақсат, үлкен жеңіс жылы болсын!
Береке мен бақ қатар жүрсін

05/01/2026

Золушка (Cinderella) әлемді өзгерте алатын сиқырдың бір түрі - позитивті көзқарас екенін жақсы біледі. Сондықтан ол жолыққан әр адамға жылы шыраймен, шынайы ниетпен қарайды. Тіпті мүмкін емес болып көрінетін тапсырмалар жүктелсе де, Золушка өз қабілетіне сенеді және үмітін үзбей, табандылықпен алға жылжиды. Қандай кедергі кездессе де, ол мойымайды, қайта сол жағдайларды өз орнын табуға, өз тағдырын қалыптастыруға мүмкіндікке айналдыра біледі.

Ақшақар әрбір күн - жаңа достар табуға берілген мүмкіндік екенін біледі және тіпті мінезі қабағы қату болса да, баршаға мейірімді болу ең дұрыс жол деп санайды. Ол әлемге қуанышқа толы, ашық жүрекпен қарайды. Оның болмысынан тазалық пен шынайылық анық сезіледі. Өзінің оптимистік көзқарасын бөліскенде, ол шын жүректен әлемді қуанышқа бөле алатынына сенеді.
Ақшақар әрдайым кез келген қиындықтың жақсы жағын таба біледі, жағымсызды жағымдыға айналдыруды жақсы көреді. Қиын тапсырмаға кіріскенде немесе ішкі сезімін білдіргісі келгенде, ол үміт пен сенімге толы ойларын ән арқылы жеткізгенді ұнатады.

Сүйкімділігі мен қиялға толы мінезінің арқасында Ақшақар ормандағы жануарлармен де, жолында кездескен достарымен де бір үлкен, жылы қауымдастық құра алады.

03/01/2026

2018 жылдан бері арманымды жай ғана қиял күйінде қалдырмай, шындыққа айналдыру үшін бір әдетті үзбей жасап келемін. Әр жылдың басында қағаз бетіне армандарымды ОСЫ ШАҚТА жазамын
Ұзын-сонар тізім емес нақты, айқын 10–15 мақсат қана.

▶️Сосын сол мақсаттарды айларға бөліп, әрқайсысына жету жолындағы қадамдарды жазамын. Яғни, жоспар құрамын.

☝️Өйткені диванда жатып армандау - арман емес, алдау ғана. Арман әрекетпен ғана тірі.

🤲🏻Мен өз тарапымнан әрекет етемін.
Ал нәтижені Алладан деп білемін.

Сол себепті жүрегімді Аллаға жақын ұстайтын амалдарды үзбей орындауға тырысамын:
– Алланың 99 есімін жаттап, оларды өмірімде көрініс табуына мән беремін.
– Зікір мен салауатты тастамаймын.
– Садақамды беремін.
– Күніне 100 рет «Фатиха» оқимын.

Болды.
Қиын ештеңесі жоқ.
Тек тұрақтылық пен ниет керек.

Ал мен үшін әлі де үйреніп келе жатқан ең үлкен сабақ - “осы сәтте өмір сүру”.
Кеше үшін күйзелмей, ертең үшін алаңдамай, дәл қазір берілген нығметті сезіне білу.

Мен соған үйреніп келемін.
Жай өмір сүріп қана қоймай, саналы түрде өмір сүруге.

Address

Al-Farabi Street
Tselinograd

Telephone

+77787786218

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when Coral clab posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to Coral clab:

Share

Share on Facebook Share on Twitter Share on LinkedIn
Share on Pinterest Share on Reddit Share via Email
Share on WhatsApp Share on Instagram Share on Telegram