КГП на ПХВ Городская поликлиника 23

КГП на ПХВ Городская поликлиника 23 Уважаемые посетители сайта!
Мы рады приветствовать вас?

Алматы қаласының № 23 қалалық емханасында тәжірибе алмасу2025 жылдың 24 шілдесінде № 23 қалалық емханаға Маңғыстау облыс...
29/07/2025

Алматы қаласының № 23 қалалық емханасында тәжірибе алмасу
2025 жылдың 24 шілдесінде № 23 қалалық емханаға Маңғыстау облысы Бейнеу орталық аудандық ауруханасының қызметкерлері арнайы іссапармен келді. Қонақтар Үздік тәжірибелік орталық мәртебесіне ие емхананың жұмысы, заманауи басқару жүйесі мен медициналық қызмет көрсету бағытындағы озық тәжірибелерімен танысты.
Кездесу барысында делегация емхананың амбулаториялық-емханалық қызметтерімен, цифрлық жүйелерді енгізу тәжірибесімен және науқастарға бағдарланған тәсілдермен танысып, өзара тәжірибе алмасты.
Мұндай сапарлар өңірлер арасындағы кәсіби байланысты нығайтып, медицина саласындағы үздік тәжірибені кеңінен таратуға жол ашады

19/07/2025

Таза Қазақстан акциясы аясында

9 шілде 2025 жылы  Қазақстан Республикасы Мәжіліс Депутаты Нұргул Тауқызы және Алматы қаласының мәслихат депутаттары ісс...
10/07/2025

9 шілде 2025 жылы Қазақстан Республикасы Мәжіліс Депутаты Нұргул Тауқызы және Алматы қаласының мәслихат депутаттары іссапармен келіп, Алматы қаласы Денсаулық сақтау басқармасы ШЖҚ «№ 23-қалалық емхана» КМК жұмысымен танысты.
Сапар барысында депутаттар емхананың материалдық-техникалық базасымен, медициналық қызмет көрсету сапасымен және цифрлық жүйелердің енгізілуімен танысты. Сонымен қатар, медицина қызметкерлерімен кездесіп, олардың ұсыныстары мен мәселелерін тыңдады.
Іс-шараның мақсаты – алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарының жұмысымен танысып, денсаулық сақтау саласындағы өзекті мәселелерді талқылау болды.
Емхана ұжымы депутаттарға денсаулық сақтау саласына көрсеткен назарлары үшін алғысын білдірді

08/07/2025

Бүгін – халқымыздың қастерлі мұрасы, рухани байлығымыздың жарқын символы Домбыра күні!
Домбыра – тек аспап емес, ол – ел тарихы, шежіре, ұрпақтан-ұрпаққа жеткен үн, бабалар аманаты. Оның әрбір күйінде – ұлы даланың дауысы, халқымыздың жан сыры, өмірінің өрнегі бар.

Күй тыңдағанда көңіл тербеліп, жүрек шымырлайды. Себебі бұл үн – қазақтың тілімен тең, жанына жақын.
Бүгінгі күні домбыра үні әр үйде, әр жүректе жаңғыра берсін!

🪕 Домбыра тартуды үйреніп жүргендерге шабыт,
🎼 Күйші бабаларға – тағзым,
🇰🇿 Ұлттық өнерімізге – мәңгілік өмір тілеймін!

ШЖҚ «№ 23 қалалық емхана» КМК ағымдағы жылдың 25-27 маусым аралығында Денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі аккред...
08/07/2025

ШЖҚ «№ 23 қалалық емхана» КМК ағымдағы жылдың 25-27 маусым аралығында Денсаулық сақтау саласындағы сапа жөніндегі аккредитация орталығы жүргізген кешенді бағалаудан сәтті өтіп, жоғарғы санатты иеленді!
Бұл мәртебе — біздің медициналық ұйымның көрсетілетін қызметтер сапасының жоғары деңгейде екенін, заманауи стандарттарға сай екенін және пациент қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы тұрақты жұмысымыздың нәтижесі болып табылады.
Аккредитация — емхананың қызмет сапасына берілетін тәуелсіз және кәсіби баға. Бұл мәртебе халықтың сенімін арттыруға, әрі қарай медициналық көмекті жоғары деңгейде ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Біздің мақсатымыз — әрбір азаматқа сапалы, қауіпсіз және қолжетімді медициналық қызмет көрсету.
Бізге сенім артқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз!

03/07/2025

Ішек инфекциялары ауруларының алдын алу

Ішек инфекциялары — бұл адамның ас қорыту жүйесіне түсіп, организмге зиян келтіретін жұқпалы аурулар тобы. Олар көбіне ластанған тағам мен су, лас қолдар, жеке гигиенаны сақтамау арқылы жұғады. Бұл инфекцияларға дизентерия, сальмонеллез, холера, ротавирус және басқа да аурулар жатады. Аталған аурулар әсіресе жаз мезгілінде жиі кездеседі, өйткені бұл кезде тағамдар тез бұзылады, балалар далада көп ойнайды, суды жиі пайдаланады.

Ішек инфекцияларының таралу жолдары:
• Ластанған тағам мен суды тұтыну;
• Жеке бастың тазалық ережелерін сақтамау;
• Шикі немесе жеткілікті термиялық өңделмеген өнімдерді қолдану;
• Науқас адаммен немесе тасымалдаушымен байланыста болу.

Аурудың негізгі белгілері:
• Құсу және жүрек айнуы;
• Іштің өтуі (диарея);
• Іштің ауруы немесе түйілуі;
• Дене қызуының көтерілуі;
• Әлсіздік, бас ауруы, тәбеттің төмендеуі.

Алдын алу шаралары:
1. Жеке гигиенаны сақтау
• Қолды үнемі, әсіресе дәретханадан кейін және тамақтанар алдында сабындап жуу.
• Балаларға да қол жуу мәдениетін үйрету.
2. Сапалы тағам тұтыну
• Тағамдарды дұрыс пісіру және сақтау (ет, жұмыртқа, сүт өнімдері);
• Шикі және дайын тағамдарды бөлек сақтау;
• Көшеде дайындалған белгісіз тағамдарды тұтынбау.
3. Су қауіпсіздігі
• Тек қайнатылған немесе сенімді көздерден алынған суды ішу;
• Ашық су көздерінен ішпеу;
• Ыдыс-аяқ пен көкөніс, жемістерді таза суда мұқият жуу.
4. Қоршаған ортаның тазалығы
• Қоқысты уақтылы шығару;
• Дәретханаларды санитарлық талаптарға сай ұстау;
• Жәндіктермен күресу (шыбын-шіркей, тарақан т.б.).
Қорытынды

Ішек инфекциялары — алдын алуға болатын аурулар. Тек қарапайым гигиена мен қауіпсіздік ережелерін сақтау арқылы өзіңізді және жақындарыңызды ауыр зардаптардан сақтай аласыз. Әр адам өзінің денсаулығына жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын ұстануы қажет. Жыл сайынғы эпидемиологиялық маусым кезінде (әсіресе жазда) тазалыққа ерекше көңіл бөлген жөн.

Есіңізде болсын: «Тазалық – денсаулық негізі!»

27/06/2025
11/06/2025
11/06/2025

Инсульт и инфаркт: в чем разница?
Когда упоминают инфаркт, в подавляющем большинстве случаев подразумевают ишемию миокарда. Однако инфаркт может затронуть не только сердце, но и другие органы: кишечник, селезенку, почки, печень, легкое, мышцы конечности. Нарушение кровоснабжения может возникнуть из-за сужения просвета сосуда на фоне спазма, закупорки тромбом или эмболом, а также из-за перенапряжения в условиях гипоксии. Инсульт обычно ассоциируется с головным мозгом. Нередко в представлении людей, далеких от медицины, возникает путаница, что называть инсультом и инфарктом. Попробуем разобраться в понятиях.
Некроз тканей из-за недостаточного кровоснабжения. Инфаркт может затронуть мозг и его отделы, например, таламус, играющий значительную роль в процессах сна и бодрствования, контроля сознания, а также отвечающий за передачу двигательных и сенсорных сигналов. Но чаще всего, говоря об инфаркте, подразумевают инфаркт миокарда — сердечный приступ, из-за которого могут отмереть значительные участки мышцы. Серьезную проблему для диагностики представляют тихие безболевые инфаркты, оставляющие последствия на органе, но не вызывающие четкой клинической картины, из-за чего пациенты не обращаются к кардиологу.
Резкое ухудшение мозгового кровообращения, что ведет к некрозу клеток мозга. Инсульты связаны с заболеваниями сердца, крови, сосудов. Чаще всего проявляется очаговая симптоматика, но при тяжелом течении могут появиться и общемозговые нарушения. Есть ли разница между инфарктом головного мозга и инсультом? В зависимости от типа инсульта: ишемический инсульт – это инфаркт мозга: кровоснабжение ухудшается из-за нарушения проходимости сосуда. Геморрагический инсульт сопровождается внутримозговым кровоизлиянием, не связанным с травмой. Чаще всего причиной такого инсульта становится гипертония, реже — атеросклероз и другие заболевания.
Разница между инсультом и инфарктом заключается не только в локализации. Инсульты кажутся более опасными, поскольку затрагивают мозг. В действительности пациента с инсультом можно спасти, если оказать помощь в течение 2,5-3 часов. При сердечном приступе может резко ухудшиться состояние вплоть до остановки сердца. Даже если «Скорая помощь» немедленно отреагирует на вызов и приедет в течение 15 минут, это далеко не гарантия спасения. С другой стороны, риск инвалидизации при инсульте выше.
В чем разница инсульта и инфаркта по симптомам
Если многих людей попросить объяснить отличие инфаркта от инсульта своими словами, то большинство скажут, что первый проявляется болями в сердце, второй — головными болями. В действительности картина может быть смазанной, без врача будет сложно дифференцировать заболевание. И все же признаки ССЗ нужно знать хотя бы для того, чтобы в критический момент проявить разумную бдительность, а не списать ухудшение самочувствия на физическое утомление и нервное перенапряжение.
Общие признаки:
• Повышение, а затем падение кровяного давления (особенно при инсульте по ишемическому типу; при инфаркте резкое снижение АД может привести в кардиогенному шоку).
• Одышка.
• Обмороки.
• Тошнота.
• Бледность или синюшность кожных покровов.
Картина инсульта:
• Мышечные судороги.
• Нарушение координации, шаткая походка, слабость в ногах и руках.
• Затуманенность сознания.
• Перекошенность лица.
• Головная боль.
• Проблемы с дикцией.
• Утомляемость.
• Подавление глотательного рефлекса.
Картина инфаркта:
• Жжение и боль в груди.
• Проявление симптомов чаще всего в утренние часы.
• Отдача боли в ключицы, руки, лопатку.
• Нарушения сердечного ритма.
• Потливость.
• Атипичные проявления (обычно у женщин): боль, похожая на желудочную, болезненные ощущения в спине.
• Ухудшение самочувствия при физической нагрузке.
Отличие инфаркта от инсульта можно и не заметить, поэтому проще предупредить эти состояния, записавшись на прием опытному кардиологу.
Отличия инсульта и инфаркта мозга
Как уже было сказано, инфаркт может затронуть головной мозг, тогда такое состояние называют ишемическим инсультом. Разберем отличия геморрагического и ишемического инсультных состояний.
• Геморрагический
Связан с внутримозговым кровоизлиянием. Гематома образуется из-за разрыва сосуда. В свою очередь к разрыву могут привести скачки давления, аневризма, злоупотребление антикоагулянтами, васкулит. У некоторых пациентов с рождения сосуды более хрупкие и проницаемые, чем у других людей.
Симптомы:
• Начало обычно внезапное, пациент может резко почувствовать слабость и боль.
• Ощущение жара в лице.
• Зрительные нарушения, точечные зрачки.
• Судорожные приступы.
• Рвота.
• Нарушения со стороны дыхания.
• Аритмия.
• Нестерпимая головная боль.
• Обмороки, кома.
Сказать точно, какой вид инсульта опаснее, сложно. Оба состояния могут привести к негативным последствиям, но кровоизлияния опасны резким началом и сложностью стабилизации пациента. При первых признаках- срочно обратитесь к врачу!
Чтобы уменьшить вероятность развития инсультов и инфарктов необходимо тщательно следить за состоянием здоровья и придерживаться ЗОЖ. Пройдите профилактический осмотр в поликлинике !

Address

Almaty

Opening Hours

Monday 08:00 - 20:00
Tuesday 08:00 - 20:00
Wednesday 08:00 - 20:00
Thursday 08:00 - 20:00
Friday 08:00 - 20:00
Saturday 09:00 - 14:00
Sunday 09:00 - 14:00

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when КГП на ПХВ Городская поликлиника 23 posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to КГП на ПХВ Городская поликлиника 23:

Share