
21/04/2024
Президент Қ.Ж.Кемелұлының қол қойған Жарлығына, оның ішінде медицина қызметкерлерінің халыққа көрсеткен еңбегін елеп, баға бергеніне Жаңаөзен қаласының денсаулық сақтау саласы өзінің қуанышын білдіріп, Мемлекет Басшысына үлкен алғысын айтады. Елге жасаған игі істеріне, жаңа бастамаларына қолдау білдіреді.
Жаңа заң бойынша медицина қызметкерлерін құқықтық тұрғыдан қорғау күшейтілмек. Заң арқылы кәсіби жауапкершілігін сақтандыру тетігі енгізілді. Сонымен қатар медицина қызметкерлерін қолдау үшін көптеген түзетулер қабылданды.
Ауылдық жерлерде кадр тапшылығын шешу мақсатында бұл бастама үлкен серпін береді, жас мамандардың әлеуметтік жағдайлары дұрысталып, өз мамандықтарына деген ынтасын арттыруға әсер етеді және денсаулық сақтау саласының қарқынды дамуына үлес қосатыны анық. Бұның барлығы медицина сапасын арттыруға септігін тигізеді деп сенеміз.
Алдағы уақытта медицина қызметкерлері халыққа абыройлы қызмет етуге құлшыныс білдіреді. Мемлекет басшысының іскерлік жұмысына жоғары баға беріп, күш қуат, сәттілік тілейді.