ХалыQ емі Целительство

ХалыQ емі Целительство Халық емі, жеке емдеу тәжірибесі, денсаулық, медицина тақырыбы, емдік өсімдіктер, емші, көріпкел жайлы ақпараттар.
(213)

Духовное и физическое здоровье, процветание и поиски смысла жизни

Ағзадағы бұл өзгерістер нені білдіреді?Адам бойындағы кез келген өзгеріс оның ағзасында болып жатқан құбылысты білдіреді...
11/04/2026

Ағзадағы бұл өзгерістер нені білдіреді?

Адам бойындағы кез келген өзгеріс оның ағзасында болып жатқан құбылысты білдіреді. Соның ішінде қазіргі маусымда жиі байқалатын мына өзгерістерге ерекше мән берген дұрыс:

▶1. Аяқтың ісуі. Аяқ үнемі ісетін болса, вена қан тамырының тосылуы болып табылады. Мұндай болғанда дереу емханаға көріну керек.Әйтпесе өкпе қызметінің төмендеуі сияқты ауруларға соқтыруы мүмкін.

▶2. Қолдың терлеуі. Қолғаппен жүрсеңіз де, саусақтарыңыз жаурамаса да қолдың терлеуі денсаулықтың қалыпсыздығын білдіреді. Әйелдерде алақан және дененің қызуы, терлеу ахуалы байқалса, бұл бүйрек қызметінде бір мәселе бар екендігінен хабардар етеді.

▶3. Көру қабілеті төмендеуі. Көзі бұлыңғырлану, көзі құрғау, анық көре алмау сияқты көру қабілеті төмендеудің бейнесі болып табылады. Бұл бауыр қызметінің нашарлауынан хабар береді.

▶4. Тамаққа деген тәбеттің күрт артуы. Қанша көп тамақтансаңыз да салмағыңыз төмендеп кетсе немесе суды ішкен сайын кіші дәретіңіз көп келсе бұл диабет ауруының белгісі.

▶5. Асқазанның сазып ауыруы. Егер сізде бұрыннан асқазан ауруы бар болып, енді асқазаныңыз қайталай ауырса, бұл қарапайым асқазан ауруы деп қалмаңыз. Әдетте жүрек ауруын тудыратын асқазан ауруында асқазан қатты ауырып кетпейді, тек қарныңыз ашпағандай сезінесіз. Кейбір кезде жүрегіңіз аздап айниды. Бұлар жүрек ауруын қозғайтын асқазан аурулары.

▶6. Сілекей ағу. Көптеген адамдардың ұйықтағанда ауызынан сілекей ағады. Олар басқалардың көріп қалуынан ыңғайсызданып бұл жағдайды көбінде айтқысы келмейді. Бұған сал қарауға болмайды. Бұл жүйке жүйесінің тосылғанынан дерек береді.
Жарас ҚАСЫМ.
(Мақаланы көшіріп басқанда сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)
#денсаулық #пайдалы #кеңес

ТҰМАУ МАЗАЛАСАмына ем түрлері есте болсын Жыл сайын тұмаумен жер бетіндегі халықтың 15-тен 60 пайызға дейінгі бөлігі ауы...
10/04/2026

ТҰМАУ МАЗАЛАСА
мына ем түрлері есте болсын

Жыл сайын тұмаумен жер бетіндегі халықтың 15-тен 60 пайызға дейінгі бөлігі ауырады екен. Бұл вирусқа қарсы халық емдері көп-ақ.

👉Финляндиялықтар бір ас қасық түймедағы мен ащы жалбыздың гүлдерін алып, 4-5 литр қайнаған суға құйып, баяу отта 10 минут бойы ұстайды. Белге дейін шешініп, орындыққа отырып, екінші орындықта тұрған ыстық тұнбаға басына жамылғыны жамылып, будың үстінен 10-15 минут дем алады. Соңынан жылы сумен, одан кейін салқын сумен шайынады екен.

👉Жапондықтар тұмауратса дереу 10 кесе ыстық көк шай ішеді. Өйткені бұл емдік сусынның құрамында вирустың белсенділігіне қарсы тұратын катехин бар.

👉Мексикалықтар үшін жөтел, тұмау және өзге де тамақ ауруларының алдын-алу үшін қызыл собықты бұрыштан пайдалы нәрсе жоқ. Олар ас қасықтың төрттен бір бөлігіне ұнтақталған бұрыш салып, күніне үш мәрте ішеді. Оны тілдің арасына сепкен соң, ізінше суық су ішеді.

👉Үндістер лотос кейпінде отырып алып, табанын түрлі әдіспен – саусақтарының ұшымен, алақанының жанымен немесе алюминді ескекпен уқалайды. Өкшесінен бастап табанның жанына дейін қызарып, жылынғанша уқалап, сылап-сипайды.

👉Испандықтар суық тигенде арнайы «қызыл» диетаның көмегіне жүгінеді. Ол үшін ас мөлшеріне мейлінше қызыл түсті тағамдарды көп қосу қажет: ет, бауыр, бүйрек, теңіздің майлы қызыл балығы, сәбіз, болгар бұрышы, қызанақ, бәрін зәйтүн майымен араластырады. Бұл диетаның иммунитетті көтеруге пайдасы мол екен.

👉Америкалықтар тұмау белгілері біліне бастағаннан-ақ, жалбыз тұнбасы, лимон шырыны, бал және сарымсақ қосылған коктейль ішеді. Стақандағы қайнаған суға шәй қасықпен жалбызды құйып, 3-5 минут баяу отта ысытып, сүзіп алып, тұнбаға шәй қасықпен балды қосып араластырады. Сарымсақтың кішкентай бір бөлігін алып, ыдысқа салған соң, қасықпен езеді деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Оған лимонның 1 бөлігін сығып, бал қосылған жалбыз тұнбасын қосып, бәрін араластырған соң жылы күйінде жатар алдында ішеді.

👉Итальяндықтар инфекциядан құтылу үшін пиццаны пайдаланады. Сыр, жұмыртқа, көк шөптер, қызанақ және өзге де көкөністер қосылатын қарапайым пиццаның құрамында тұмау мен суық тигенде ағзаны бір қалыпты ұстап тұратын дәрумендер, микро және макро элементтер бар.

👉Израиль тұрғындары ауырған жағдайда тауық еті қосылған ыстық бульон ішеді.

👉Британдықтар «Күніне бір алма жесең – дәрігердің қажеті шамалы» деген қағидамен жүреді.

👉Орыстар пияз, сарымсақ, жөке қайнатпасын және таңқурай, бал қосылған ыстық сүтті пайдаланды. Суық тигенде қолданатын негізгі емдік шөп ретінде желкекті (х**н) қарастырады. Желкектің түбірін ұсақ үккіштен өткізіп, көлемі жағынан бірдей етіп қантпен араластырған соң, 12 сағатқа жылы жерге қояды. Дайын болған дәріні сағат ас қасықпен сауығып кеткенше ішіп отырған.

👉Француздар суық тигенде түрлі минералды су ішіп емделеді екен. Әсіресе газсыз сусындар пайдалы көрінеді...Сізге осы ем түрінің қайсысы дұрыс?
Жарас ҚАСЫМ.

(Мақаланы көшіріп басқанда сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)

АРТРОЗҒА АПАРАТЫН АЛТЫ СЕБЕП Ағза қартаюымен тікелей қатысы бар аурулардың бірі – артроз екені белгілі.  Артрозға әсірес...
10/04/2026

АРТРОЗҒА АПАРАТЫН АЛТЫ СЕБЕП

Ағза қартаюымен тікелей қатысы бар аурулардың бірі – артроз екені белгілі. Артрозға әсіресе жасы 50-60-тан асқан адамдар жиі щалдығады, оған «соқпайтын» адам сирек. Ал тиісті сақтық шараларын жасай жүрген адам артроздың «ауылын» алыстата, оның зардаптарын жеңілдете алады. Ол үшін мына жайларды естен шығармау керек:

- Буындардағы сіңір шеміршектері жасушаларындағы зат алмасуы жас ұлғая келе нашарлайды, олардың табиғи жолмен қалпына келуі қиындайды, есесіне, бүліну процестері күшейеді. Егер де адам ағзасына үнемі артық салмақ сала берсе де артроз оның жас-кәрісіне қарамайды, ерте төңіректей бастайды. Әсіресе спорттың ауыр түрлері сіңірлерді уақытынан бұрын «қартайтады», онда ұсақ жарақаттар туындатады, олардың жазылу қиындайды. Үнемі осылай қайталана берсе сіңір жасушалары қатты зақымданады.
Міне, осындай себептерді есте сақтау керек, ағзаға артық салмақ салмаған жөн, жұмыс пен демалыс уақыттарын тиімді пайдаланған дұрыс. Сіңірлерге әсіресе ауыр салмақ көтеру, секіру, жылдам жүгіру кері әсерін тигізеді. Бұл әсіресе жасы 50-60-тан асқандар үшін қауіпті.

- Оқыстан болған сүйек сынығы, буынның, байланыстырушы тіндердің созылуы, буын шығуы, сынуы сияқты жарақаттар да артроздың тез дамуына жол ашады. Сондықтан жұмыста, тұрмыста мұндай жарақаттардан сақ жүру керек, техника қауіпсіздігін сақтаған жөн.

- Егер адам аз қозғалатын болса, онда буындардың қан айналымы мен азықтануы нашарлады, олардың айналасындағы бұлшық еттер тонусын жоғалтып, әлсірейді. Осыдан барып сіңір аз салмаққа да шыдас бермейтін болып қалады.
Сондықтан күніне 30-40 минут жаяу жүруді әдетке айналдырыңыз. Жүзумен айналыссаңыз тіпті жақсы. Белсенділікті тек артроз асқынған жағдайда ғана азайту керек, онда да қимыл-қозғалысты түбегейлі шектемей, дәрігер кеңесімен түрлі дене жаттығуларын жасап тұру керек.

- Адамда артық салмақ болмағаны жақсы. Тым семірсе, тізеге, сан-жамбас аумағына салмақ көп түседі, ол жердің сіңірлері бүлінеді.
Семірмес үшін тамақ рационына мән беру керек, тәтті, майлы тағамдарды аз жеген жөн, есесіне көкөніс, жемістерді, ақуызы мол тағамдарды көбірек тұтыну керек.

- Сіңір шеміршегі тіндерінің тез қалпына келуі үшін оған азықтық заттар керек. Егер адам аз тамақтанса әрі онда толыққанды қажетті заттар жетіспесе, онда ол да артрозға себеп болуы мүмкін. Әсіресе тек қана бір түрлі тағамды жиі тұтыну (монодиета), калориясы тым аз тамақтар (1200 килокалориядан аз) жеу тіпті зиян деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Буындарды сау сақтағыңыз келсе, түрлі, толыққанды тамақ ішіңіз. Тамақ құрамында ағзаға қажетті витамин, микроэлементтер, әсіресе күкірт, кальций, селен мол болуы керек, ақуыз, қанықпаған майлар көп болуы қажет.

- Егер де артроз белгілері біліне бастаса, дәрігерге көрінуді кешіктіруге болмайды. Сіңір мен шеміршек ескірсе, оны жаңарту мүмкін емес. Дегенмен бүлінуді тоқтататын препараттар қазір бар. Олар хондропротекторлар деп аталады, құрамындағы глюкозамин мен хондроитин сульфаты сіңірді азықтандырып, ылғалдандырады, ең бастысы, оның бүлінуіне жол ашатын ферменттерді тұйықтап, бейтараптандырады.
Бұл препараттар артроздың сіңір мен шеміршек бүлінуі анық белгілі болған 1-ші және 2-ші деңгейлерінде жақсы емдік нәтиже береді. Үшінші кезеңде де оларды пайдалануға болады. Ал 4-ші кезеңде оның көмегі жоқ, себебі бұл кезде шеміршек толық бүлінген.
Сондықтан артроздың асқынуына жол беруге тіпті де болмайды. Буын ауруын елемей жүре берген дұрыс емес, дереу тиісті мамаға көріну керек.
Жарас ҚАСЫМ.

(Мақаланы көшіріп басқанда сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)

Пиязбен емделудің 8 тәсіліБұл каустикалық көкөніс күкіртке өте бай. Ол пияздың бактерияға қарсы және антисептикалық қаси...
09/04/2026

Пиязбен емделудің 8 тәсілі
Бұл каустикалық көкөніс күкіртке өте бай. Ол пияздың бактерияға қарсы және антисептикалық қасиеттерін күшейте түседі. Пияз әсіресе қысқы маусымда ағзаны түрлі асқынулардан қорғайтын күшті көмекші. Одан бөлек мынадай 8 емдік әсері бар:

✅1. Мұрын қуысын тазартады. Басыңызды сәл шалқайтып, мұрын қуысына бірнеше пияз кесектерін қоюға болады. Келесі бір тәсіл – пиязды турап, ыдысқа салыңыз да, тезірек басыңызға орамал жауып, сол пиязды барынша терең иіскеуге тырысыңыз. Иә, бұл процедура жағымды емес, бірақ ол мұрын қуысын керемет тазартады.

✅2. Жөтелге қарсы жәрдем. Дәріханаға жүгіріп, жөтел шырынына ақша жұмсамас бұрын осы әдісті жасап көрсеңіз болады. 1 бас қызыл пияз, 1/2 бас сарымсақ және жарты кесе шекер алыңыз. Барлық ингредиенттерді блендерде араластырып, ыдысқа салыңыз. Оған дәл сонша көлемде бал араластырады. Қақпағын мықтап жауып, 8-12 сағатқа тоңазытқышқа қойыңыз. Оны күніне 3 рет балаларға 1 шай қасықтан, ал ересектер үшін 1 ас қасықтан ішу керек. Қоспаның дәмі, әрине, жағымсыз. Бірақ ол тез көмектеседі.

✅3. Жүрек айнуды басады. Егер жүрек айнып, себепсіз құсу сезімі мазаласа пияз арқылы емделіп көруге болады. Орташа көлемдегі пиязды ортасынан екі бөлікке бөліңіз де, әр бөлікті қолтық астына қойыңыз. Оларды бірнеше минут ұстаңыз. Жүрек айнуы өздігінен басылады. Одан кейін денені жылы дымқыл шүберекпен сүртіп тастайсыз.

✅4. Қан кетуді тоқтату. Байқаусызда жарақат алып, ол жер қанап қалса, пиязды кесіп, жұқа дәкеге ораңыз да, қанап тұрған жерге басыңыз. Көп ұзамай қан тоқтауы тиіс. Егер сіз бұл процедураны жиі қайталасаңыз, терең жарақат тезірек жазылады.

✅5. Аяқтың иісін жояды. Пияз күшті антифункционалды қасиетке ие. Егер күн ұзақ жүргеннен кейін аяқ киіміңізді шешкенде жағымсыз иіс шықса, онда сізде саңырауқұлақ (грибок) бар деген сөз. Оны кетіру үшін табанды, өкше мен башпайлар арасын он минут пиязбен сүртіңіз. Содан кейін аяғыңызды жылы сумен шайыңыз. Мүмкіндігінше бұл циклды күніне үш рет қайталаңыз. Иіс пен саңырауқұлақ екі-үш күнде кетеді.

✅6. Құлақ инфекциясына қарсы. Құлақ ауруы оңай нәрсе емес. Әдетте, одан құтылу үшін адам кез-келген тәуекелге баруға дайын. Бірақ ол қауіпті. Ал пиязбен емделу оңай да қолжетімді тәсіл. Пиязды ыңғайлы етіп кесіп, құлақ қуысына салып қойыңыз деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Бөлік ұзындау болғаны жақсы, өйткені оны алып тастау проблема тудырмауы керек. Пияздың қабынуға қарсы әсері бар. Мигрень – бас сақинасы мазаласа да сізді ұйықтар алдында осы процедураны жасауға болады. Пияз құлақ қуысында таңға дейін тұра берсе болады.

✅7. Қара дақтарды кетіреді. Әдетте қара дақтар мен безеулерді кетіретін мамандандырылған дәрі-дәрмектер өте қымбат. Оның орнына мынадай амал жасауға болады: орташа көлемдегі пияды турап, 1/2 стакан бал араластырыңыз. Қоспаны қалың пастаға айналғанша баяу отта ұстайды. Оны безеу мен қара дақ пайда болатын теріге жағыңыз. 15 минут ұстап, жылы сумен жуып тастайды. Мұны күнделікті немесе күнара қайталауға болады.

✅8. Шаш түсуін тоқтатады. Пияз құрамындағы күкірт шаш түсуіне қарсы өте жақсы күреседі. Ол үшін пияздың шырынын алу керек. Оны шаш түбіне сіңіре жағу керек. Шамамен 20 минуттан кейін жуып жіберуге болады. Сусабын пияз иісін тез және оңай жояды. Есесіне шаштың тамыры айтарлықтай күшейеді. Мүны аптасына 1 рет жасап тұрған жақсы.
Күнделікті ас мәзіріне қолданылатын пияздың осындай емдік көмегі бар.
Жарас ҚАСЫМ.
«Ауырмаңыз!» газеті.
(Мақаланы көшіріп басқанда «Ауырмаңыз!» газетінен алынды» деп сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)

#халықемі #рецепт #денсаулық
#дауа #пайдалыкеңес
#давление #здоровье

Тибеттік тиімді тәсіл ағзаны жасартады🔹Көктемде бойды әлсіздік билеп, тез шаршайтын кездер көбейеді. Тибеттік мына амалд...
09/04/2026

Тибеттік тиімді тәсіл
ағзаны жасартады

🔹Көктемде бойды әлсіздік билеп, тез шаршайтын кездер көбейеді. Тибеттік мына амалдар стресті болдырмайды, сергектікті арттырып, өмірге деген құштарықты оятатыны дәлелденген. Сонымен қоса жұмысқа деген қабілетті арттырып, өмір сүру белсенділігін жақсартады. Сондықтан есте ұстай жүрсеңіз, ұтылмайсыз.

📍Артық салмақты жояды, сергек етеді
🔹Сізге керегі үккіштің ұсақ көзінен өткізілген 5 грамм зімбір (имбирь), 1 ас қасық лимон шырыны, 2 ас қасық таза бал, бір шым-шым қызыл бұрыш пен осынша укроп.

🔹Екі литр суды бес минут қайнатыңыз. Бетін жауып, суығанша күтесіз. Оған жоғарыда аталған «шикізатты» араластырыңыз. Дайын болған сусынды әр жарты сағат сайын 30 миллиграмнан ішеді немесе күніне төрт бес рет жарты стаканнан ішу керек.
Бұл сусын ішектерді қоқыстардан тазартады, ағзадағы артық майды кетіреді, тәбетті басады. Осы себепті артық салмақтан арылтады.

📍Тәнді жасартады
иммунитетті көтереді
🔹Сізге керегі 10 тіс сарымсақ бөлігі, 10 лимон шырыны, 1 литр бал. Сарымсақты ұсақтап турап, бал мен лимон шырынына араластырады. Шыны ыдысқа салып, бетін жауып, он күнге қараңғы жерге қойыңыз. Бұл қоспаны таңертең және кешке ас алдында бір ас қасықтан қабылдайды. Ол иммунитетті көтереді, ағза жасушаларын белсендіріп, тәнді жасартады.

📍Ерекшелігі неде?
🔹Енді емнің ерекшелігіне тоқталайық: сарымсақ қан тамырларының ең мықты көмекшісі, , сол арқылы қан қысымын көтерілуден қорғайды, жүрек аурулары мен инсульт қаупін азайтады. Холестерин мөлшерін сақтауға көмегі бар. Ас ретінде емес, осылай ем ретінде орнымен және дұрыс қолданса, қатерлі ісік жасушаларының «оянуына» жол бермейді, көптеген созылмалы аурулардан дәрісіз айықтыруға қауқарлы. Әрине, оның тұмау белгілерін басатыны, түрлі ішек құрттарын өлтіретіні, бактериялық және инфекциялық саңырауқұлақты жоятыны белгілі. Иммунитетті көтеруде көмегі бар, қартаюды тежейді, одан басқа да пайдалы жақтары көп.

🔹Лимонның ағзаны жасарту мен жаңартуда, ауруға қарсы күресуде көмегі ерен. Ол өте күшті антиоксидант. Қанда 24 сағат бойы белсенді «жұмыс істей» алатын қасиеті қатерлі ісік өскінінің өршіуін болдырмайды. Тамырларға тұрған қақты жояды. Жүрек пен ми жұмысын белсендіреді. Әрине, қабынуы, суықтау, қартаюға қарсы әрекеті мықты. Тек оны дұрыс қолдана білу маңызды.

📍Мөлшерін қадағалау керек
🔹Зімбір (имбирь) туралы да осылай айтуға болады. Оның қанды тазартатын, шаршағанды басатын, миды тынықтыратын, асқазан ішек жұмыстарын жақсартатын, жасушаларды жаңартатын қасиеті бар. Дұрыс қолданған жағдайда қан айналымын, зат айналымын реттеп, сол арқылы ағзаны жасартуға күш салады.
Бал туралы да белгілі: таза табиғи өнім ағзадағы әрбір клеткаға нәр береді. Оның құрамында ағзаға қажетті витаминдердің өте көп мөлшері бар. Сіңімділігі жөнінен де оған тең келетін дәрмек жоқ. Жас баладан қарт адамға дейін емге де, асқа да, косметикада да қолдана алады. Бал көптеген емдік өсімдіктер тұнбасымен дұрыс үйлеседі. Сондықтан Тибет медицинасында бал ең көп және өте жиі қолданылатын емдік «ингридиент». Ал енді осы табиғи дәрмектерді мөлшерімен, бір бірімен үйлесу ерекшелігін қолдансаңыз, сізге дәрі дәрмек керек болмайды. Әрі ағза жас та сау болмақ.
Жарас ҚАСЫМ.
(Мақаланы көшіріп басқанда сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)

Бүйрек бүлінуінің белгілері қандай?✅1. Әлсіреу, ағза қуатының жетімсіздігі. Бұл қанда улы заттар көбеюінен болады. Ол ор...
08/04/2026

Бүйрек бүлінуінің белгілері қандай?

✅1. Әлсіреу, ағза қуатының жетімсіздігі. Бұл қанда улы заттар көбеюінен болады. Ол орталық жүйке жүйесіне тікелей әсер етеді. Адам тез шаршағыш, ұмытшақ, дел-сал, бірдеңеге көңіл бөліп, аңғаруы қиын болып мазасы кетеді.

✅2. Ұйқысыздық, күндіз үнемі ұйқы басуы, кейде ұйықтап жатып қатты қорылдап, тыныс алудың бірден тоқтап қалуы орын алады.

✅3. Терінің күйі нашарлайды. Өйткені су-тұз тепе-теңдігі бұзылады да, ағзада су іркілуі орын алады. Қажетті микроэлементтер мен қоректік заттар жиналуы тежеледі. сы кезде тері түссізденіп, құрғап кетеді. Дене үнемі қышып мазаны алуы да мүмкін.

✅4. Адамда кіші дәретке жиі шығу немесе себепсіз шыққысы келу, зәрдің көбеюі немесе азаюы білінеді. Кейде зәрді ұстай алмай қалу немесе кіші дәрет кезінде ауырсыну сезіну, бел аумағынан қатты ауырсыну сезіну байқалады.

✅5. Бүйрек жетіспеушілігі кезінде сүзгілер дұрыс жұмыс істемей, зәрге (эритроциттер – қанның қызыл түйіршіктері) араласуы мүмкін.

✅6. Адамның өзі дәрет алған кезде зәрде көбік білінеді. Ал бүйрек жетіспеушілігі кезінде ол айқын көрінеді. Зәр көбіктеніп шығады деп жазады «Ауырмаңыз!» газеті. Бұл зәрге альбумин ақуызының қосылуынан болады.

✅7. Тізенің, аяқтың домбығуы байқалады. Ағзада су ғана емес, натрий сияқты микроэлементтер де нашар шығарыла бастайды. Су-тұз тепе-теңдігінің бұзылуынан аяқта сұйықтық көп жиналады. Ол домбығып, ісінеді.

✅8. Ағзада натрий-калий байланысы бұзылып,сіңір тартылып, сіресуі жиі орын алады.

✅9. Көз айналасы үнемі ісініп жүреді. Бұл ағзада судың көп тіркелуінен және ақуыздың көп шайылып кетуінен туындайды.

✅10. Тәбет нашарлайды. Бұл ағзаның жалпы улануынан болады. Жүрек айнуы, құсу, диспепсия туындайды. Ол ушыға келе анемия пайда болады, тамыр соғысы бұзылады.
Жедел бүйрек жетіспеушілігі кезінде адамның халі тез нашарлайды. Оған дәрігердің жедел көмегі керек болады.
Ал дерт созылмалы санатта ол аса білінбей, қатты мазаламай дамиды. Ауруды асқындырмау үшін адам өз ағзасы беріп жатқан кей белгілерге мұқият қарауы керек. Жоғарыда атап көрсетілгендердің бір белгісі білінген жағдайда да алаңсыз жүре бермей, дәрігерге көрініп, тексерілген, тиісті ем алған абзал.
Ж. ҚАСЫМ.

(Мақаланы көшіріп басқанда сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)

Қалақай тұнбасы шаштың түбін қатайтадыӘжем менің шашымды кішкентай күнімнен ұзын етіп, оны баптап өсірген болатын. Шашым...
08/04/2026

Қалақай тұнбасы
шаштың түбін қатайтады

Әжем менің шашымды кішкентай күнімнен ұзын етіп, оны баптап өсірген болатын. Шашыма қызықпайтын жан жоқ. Тіземе түсетін шашыма көз тиді ме қайдам, әйтеуір, шашым жиі түсетін болды. Егерде қазір әжем болғанда бір амалын табар еді-ау деп қоямын. Бірақ әжемнен көргенімді істеп шашымды айранға да, жұмыртқаға да жуып әлек болдым, бірақ шашымның түсуі тоқтамады.

Өз басыммен, шашыммен әлек болып жүргенде ағам үйленді. Жеңгем шаштаразда істейді екен. Іздегенге сұраған дегендей, жеңгемнің арқасында бүгінде шашымның төгілуінен мүлдем құтылдым. Енді осы пайдалы кеңестерді өзгелермен де бөліскім келіп отыр.

Жеңгем шаш күтімінде негізінен табиғи дәрумендерді қолдануға кеңес берді. Алдымен шашыма жақсылап массаж жасады. Содан соң өзі қолдан қалақай тұнбасын жасады. Ол үшін құрғақ қалақай жапырақтарын езіп, оның 1 ас қасығын 1 стакан қайнаған суға салды. Бір сағат тұндырып қойғаннан соң алдымен шашымды кәдімгі сусабынға жуып, соңынан шаштарымның түбіне сол тұнбаны жағып шықты. Осылай аптасына бір рет бір ай бойы ем жасады. Бір айдан соң шашымның түбіне кәдімгі дәріханада сатылатын кастор майымен ем жасады. Оны шашты жуардан 1 сағат алдын шашымның түбіне жағып қойды. Бұл емді де аптасына бір рет, бір ай бойы жасады. Сондай-ақ күн сайын кешкісін жатардан алдын басыма арнайы массаж жасады. Қазір шаштарым бұрынғысынша жылтырап, қоюлана түскен. Мұны әрбір шашын күтуді қалаған бойжеткен үй жағдайында жасауына болады.
Гүлжеңіс БОРАНБАЕВА.
Алматы қаласы.
Жарас ҚАСЫМ.

(Мақаланы көшіріп басқанда сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)

ІШЕКТІ ДЕ ТАЗАРТЫП ТҰРУ КЕРЕК Адам ағзасы ана жатырында жаратылған сәттен бастап бір секунд та тоқтамастан тынымсыз жұмы...
07/04/2026

ІШЕКТІ ДЕ ТАЗАРТЫП ТҰРУ КЕРЕК

Адам ағзасы ана жатырында жаратылған сәттен бастап бір секунд та тоқтамастан тынымсыз жұмыс жасайды екен. Сондықтан ағзаны тынықтырумен қатар, тазартып тұрудың да маңызы зор. Ал ағзаны тазарту ішектерден басталады.
Адам денсаулығының бір кепілі – ішек жұмысының қалыпты болуы. Өйткені ішек ас қорытуға атсалысады, ондағы пайдалы заттарды ағзаға сіңіреді. Бірақ адам өз өмір салты, тамақтанудағы кейбір әдеттері арқылы оның қалыпты жұмысына кедергі келтіруі мүмкін, сосын одан түрлі аурулар пайда болады. Ішекте қорытылмай қалған заттар тұрақтап, шіриді, оның ыдырауынан пайда болған улы заттар қанға өтіп, бүкіл ағзаға тарайды. Сосын себебі белгісіз, өзі түнісіксіз әр түрлі мазасыздық басталады. Мұндайға жол бермес үшін ішекке көмек керек, яғни оны тазартып тұрған жақсы. Ал ішекті тазартудың мынадай оңай тәсілдері бар:

📎Бал қолданыңыз. Бір стакан суға бір ас қасық әселді ерітіп, үш мезгілден ішіп тұрсаңыз (екі айға дейін), ішек зиянды заттардан тазарады. Өйткені бал ас қорытуға жақсы жәрдемдеседі, оны витаминдерге, гормондарға, қажетті биологиялық белсенді заттарға қанықтырады.

📎 Күріш пен сұлы ботқасын пайдаланыңыз. Оларды жарты стаканнан алып, жақсылап жуып, екі жарым стакан суда қоюланғанша қайнатасыз. Оған аздап тұз қосуға болады, бірақ май қоспау керек. Сосын жағдайға қарай осындай ботқаны бірнеше күн бойы таңертең және кешке жеп тұру қажет. Ол ішектегі қорытылмай қалған ас қалдығын, бактерияларды шығарады, оған қоса ондағы жарақаттарды жазады. Мұндай ботқаны той-томалақтарда бір-бірімен үйлеспейтін тамақ жеп, көп «ішіп» қойып маза кеткенде жесе де жәрдемі мол.

📎 Минералды сумен де тазартатын тәсіл бар. Ол үшін жарты литр су, бір жарым ас қасық ксилит (сорбит емес), диабетпен ауыратындарға арналған, яғни қантты араластыру керек. Ыдысқа құйылған 200 грамм мөлшеріндегі суды 36 градусқа жылытады да, оған ксилит қосып, суды ішеді. Сосын 20 минут бойы ары-бері жүру керек. (Мұны ең дұрысы, таңертең, алғашында демалыс күндері бастаған жөн). Сосын тағы да осындай 200 грамм минералды су ішеді. (Бұл жолы ештеңе қоспай). Тағы да 20 минут жүреді. Бұдан кейін 36 градусқа жылытылған 100 грамм минералды су ішеді, сосын біраз жүру керек. Ол көп ұзамай ішекті табиғи жолмен тазарта бастайды

📎Әрқайсысы 100 грамнан қара өрік, кепкен өрік, мейіз және кептірілген қалақай керек. Бұларды еттартқыштан өткізеді, оған 100 грамнан бал және зәйтүн майын (оливковое масло) қосады, жақсылап араластырады (100 грамм арақ қосса да болады). Оны банкада сақтайды, тоңазытқышқа қояды. Сосын күнде кешкісін, тамақтан үш сағат кейін, жатар орынға екі-үш ас қасықтан жеп, артынан 300 миллиграмм жылы су ішеді. Таңғы 7-нің және 10-ның шамасында сіз оның әсеріне көз жеткізесіз. Емделу курсы – 1 ай, оны жарты жылдан соң тағы қайталауға болады.
..Ал енді ішектеді тазартудың денсаулыққа қандай әсері бар, осыған тоқталайық. Қабырғаларындағы қақтан арылған ішек ас құрамындағы витаминдерді жақсы сіңіреді, осылай әрбір клетканың өмірлік маңызды қуатпен қамтамасыз етілуіне көмектеседі. Бұл әрбір ағза мүшесінің жұмысы айтарлықтай жақсарады деген сөз. Сонымен бірге тері де құнарлы заттармен қанығып, түсі жаңарып, жасарады. Беттегі дақтар түссізденеді, адам өзін сергек сезінеді, асқазандағы кейбір қалыпсыздықтар, өттегі жайсыздықтар азаяды. Ішекті тазартудың шаш пен тіс, тырнаққа да оңды әсері бар.
Жарас ҚАСЫМ.

(Мақаланы көшіріп басқанда сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)

ӨТ ҚАБЫН АЛДЫРТУқандай күтімді қажет етеді?📎Адамға дәмді тағамды сүйсіне жеу, оны аңсау тән нәрсе. Бірақ тамақ қанша дәм...
07/04/2026

ӨТ ҚАБЫН АЛДЫРТУ
қандай күтімді қажет етеді?

📎Адамға дәмді тағамды сүйсіне жеу, оны аңсау тән нәрсе. Бірақ тамақ қанша дәмді, тәбетті тартып тұрса да оны тәртіппен жеген жөн. Әйтпесе ретсіз ішіп-жеуден, тоя тамақтанудан, тамақ іше салып ұйқыға бас қоюдан, тағы басқа зиянды әдеттерден өт қабында тас пайда болып, ақыр соңында оны алып тастау қажеттілігі туындауы мүмкін. Ал бүгінде осындай себептермен өт қабынан айырылғандар аз емес.

📎Сенесіз бе, жылына шамамен 250 мың адамға осындай операция жасалады екен. Операциядан соң өт жолдарын өт қабынсыз жұмыс істеуге үйрету керек. Осы орайда негізгі төрт ережені қатаң ұстаған жөн:

📎Бұларың біріншісі – дәрілік терапия. Ол ағзаны өт қабынсыз жұмыс істеуге бейімдейді, оңалтады. Ұйқы безі, асқазан, ішектер, бауыр, өт қабының қатысуынсыз жұмыс істеп қалыптасады. Бұл әсіресе операциядан соңғы сағат, күндерде маңызды. Дәрігер тиісті дәрі-дәрмек тағайындауда жаңылмауы керек.

📎Екінші мәселе – тамақтану режимін қатаң ұстау. Ол жиі әрі бөлек-бөлек болуы керек. Операциядан соңғы алғашқы күндері әр 6 сағат сайын тек жарты стаканнан сұйық тамақ ішіледі. (Газсыз минералды су, қою емес шай, қышқылы аз шырындар, т.б.) Соңғы тамақ ұйқыға жатардан екі сағат бұрын ішу керек. Бір-екі апта бойы қабылданатын сұйық мөлшері 1,5 литрден аспауы тиіс.

📎Үшінші мәселе – диета ұстану. Алғашқы бір айда ұйқы безіне, асқазанға, ішектерге, өт жолдарына салмақ түсірмейтін тамақтар 50-100 грамм мөлшерінде ішіледі. Май жеуге, тым майлы, қуырылған, ысталған, ащы, маринадталған ас жеуге тіпті де болмайды.

Жемісті тіпті де жемеу керек, өйткені оның өт қуатын қасиеті бар. Қара нан, сарымсақ, құймақ, торт, балмұздақ атаулыға жоламау керек. Бұл, әрине, операциядан кейін қойылатын талаптар.

Кейін түрлі тамақтарды жей беруге болады, бірақ абайлау керек. Ал суды 2 литрге дейін ішуге болады. Мұның бәрін емдеуші дәрігермен кеңесіп отырып істеу керек. Жалпы, қай кезде қандай диета үстану керектігін емдеуші дәрігермен кеңесіп отырған жөн.

📎Төртінші мәселе – арнайы бандаж кию немесе құрсақ аумағының бұлшық етін жетілдіру мақсатында арнайы жаттығулар жасау. Жаттығуды бір-екі айдан соң бастайды. (Шалқалап жатып, 200-300 грамдық салмақтағы затты затты тыныс алу кезінде қарын бұлшық еттерімен көтеріп-түсіру арқылы жасалады). «Велосипед» жасауға, денені оңға-солға бұруға да болады. Ескеретін нәрсе – дене салмағы қалыпты болуы керек. Еден, ыдыс жуу, тағы басқа үй шаруаларымен алғашқы кезде айналысудың қажеті жоқ, оның кесірі тиюі мүмкін.

Ал шипажайға тек операциядан бір жыл өткесін ғана баруға болады, онда да емдеуші дәрігер қажет деп тапса.

📎Міне, жарамсыз өт қабынан құтылған адам қалыпты өмірге осындай тәртіптерді сақтай отырып келеді. Бүгінде өт қабын операция жасау көбіне эндоскопиялық жолмен іске асырылуда. Пациент ауруханада ұзақ жатпайды. Сондықтан мұндай адамдар жоғарыда аталған жайларды есте сақтағандары жөн. Бір жыл шыдаса, төзсе, тиісті ережелерді ұстанса, көп ұзамай ол өзінің өт қабы жоғын да ұмытуы әбден мүмкін.
Жарас ҚАСЫМ.

(Мақаланы көшіріп басқанда сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)

Қан тазарта аламыз ба?Адам ағзасының тің аралығындағы қоректер, түссіз сұйық зат (лимфа) қатарындағы пайдалы сұйықтықтың...
06/04/2026

Қан тазарта аламыз ба?

Адам ағзасының тің аралығындағы қоректер, түссіз сұйық зат (лимфа) қатарындағы пайдалы сұйықтықтың бірі – қан. Оның негізгі атқаратын қызметі – тыныс жүйесі, ас қорыту және ағзадан бөліп шығару. Қан айналымының араласуы ағзада зат алмасуға және бірқалыпты дене температурасының сақталуына көмектеседі. Уытты заттарды бейтараптандырып, және біртекті клеткаларға нұқсан келтіреді. Ең тиімді жол – қанның қалыпты қызмет жасауы үшін оны әлсін-әлсін тазалап отыру. Ол үшін түрлі жол шөптерден жасалған шай ішіп отырса болғаны.

🌼Бақбақ (одуванчик) шайы: 1 стакан қайнаған суға 1 ас қасық ұнтақталған бақ-бақ тамырын салып, термосқа құйып 1 сағаттай бұқтырып алып, күніне тамақ алдында 1/3 стакан 30-40 минут бұрын ішкен жөн.

🌼Мыңжапырақ (тисячелистник) шайы: 1 стакан қайнаған суға 1 ас қасық ұнтақталған шөптен салып 1 сағаттай жылы жауып бұқтырып алып, сүзілген тұнбаны күніне 1 стаканнан 3-4 рет тамақтан алдын жарты сағат бұрын қабылдайды.

🌼Жусан (полынь) шайы: 1 стакан қайнаған суға ұнтақталған жусан шөбінен бір шымшымдай қосып, 10 секундтай бұқтырып, суыған тұнбаны асықпай бір жұтымдап ішу керек.

🌼Қалақай (крапива) шайы: Бұл қан тазартуға өте пайдалы шөп. Қалақай негізінен ас қорыту, бүйрек пен қуық жолдарының жұмысын жақсартады, ағзаның жетіспеген витамин, минералды заттармен жабдықтайды. Қанды қалақай шайымен тазартуды айдың соңында бастап, екінші айдың басында аяқтаған жөн. Одан соң екі жұма демалып, екінші ем кезеңін келесі толық аймен қатар бастау керек. Ай біткенше. Дені сау адамға (14 күндік) екі реттік ем кезеңі жетіп жатыр. Ағзаны керексіз заттардан тазартамыз деген адамға емді үш кезеңге ұзартса болғаны. Қалақайды айдың соңында жинаған абзал. Және де жас жапырақтарын ғана пайдалану керек. Жапырақтарды жумай, шаң-тозаңынан тазартып, кептіріп, ұнтақтап алған жөн.

🌼Шай дайындауға: 1 стакан қайнаған суға кептіріп, ұнтақталған қалақай шөбінен 1 ас қасық салып, жарты сағат бұқтырып, сүзіп, шамалы қайнаған су қосып, күніне 3-4 рет қабылдаған дұрыс.
Жарас ҚАСЫМ.

(Мақаланы көшіріп басқанда сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)

КӨКТЕМГІ  ӘЛСІЗДІКТІ  қалай жеңуге болады? 🎍«Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер» кезі де келді. Алда ағзаны аялау арқ...
06/04/2026

КӨКТЕМГІ ӘЛСІЗДІКТІ
қалай жеңуге болады?

🎍«Жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер» кезі де келді. Алда ағзаны аялау арқылы жан мен тән саулығына қамқор көрсететін уақыт. Осы арқылы ағзаны көктемгі әлсіздікті жеңу керек.

Негізі көктемгі әлсіздік адамдардың 98 пайызында кездеседі. Оны дер кезінде емдемесе, адам жүре келе жүрек дертіне шалдығуы мүмкін. Өйткені әлсіздік жүрекке күш түсіреді. Бұған жол бермеу үшін мына жайлар есіңізде жүрсін:

🎍Зімбір (имбирь) қосылған шай ішіңіз. Ол авитаминозды жеңуге көмектесетін пайдалы қосылыстарға бай. Оған бал, лимон қоссаңыз, сергітетін пайдалы шырын болады.

🎍Көктемде сарымсақ пен пияздың да пайдасы зор. В1 тобының және С, Д витаминіне, йод, май, тағы да басқа заттарға бай олардың құрамында бактерицидтік заттар болғандықтан, ауру жұқтырмайтын қасиетке ие. Ал бұлшықеттердің, жыныс бездерінің қызметін жақсарту үшін қажетті Е витамині – фундук, қара нан, зәйтүн майы, жаңғақ, бұршақ, малдың бауыры, жұмыртқа, сүтті көп ішуге болады.

🎍Ұлттық тағамдарды, шұбат, қымыз ішіп тұрса иммунитет күшейеді. Ағзасында кальций жетіспейтін адамдар тары жегені дұрыс. Ересек адам күніне бір литрге дейін табиғи сүт ішсе, витамин тапшылығын сезінбейді.

🎍Бірақ адам толыққанды ұйықтап, дұрыс тынықпаса, дәрілерді уыстап ішіп, витаминді молынан жегеннің пайдасы болмайды. Сондықтан уақтылы, дұрыс тынығуға мән беріңіз.

🎍Гастрит, панкреатит, холецистит, пиелонефрит секілді аурулардың өршитіні осы кез. Жайсыздық сезінсеңіз дәрігерге қаралып, ем алғаныңыз дұрыс.
Жарас ҚАСЫМ.

(Мақаланы көшіріп басқанда сілтеме беру міндетті. Авторлық құқық қорғалған!)

ТЫЛСЫМНАН БОЛҒАН ТҮСІНІКСІЗ КЕСЕЛжәне оны емдеуші жайында Негізі тегінде – атада бар қасиет балаға берілмей қоймайтыны р...
04/04/2026

ТЫЛСЫМНАН БОЛҒАН ТҮСІНІКСІЗ КЕСЕЛ
және оны емдеуші жайында

Негізі тегінде – атада бар қасиет балаға берілмей қоймайтыны рас. Қасиет қан қуалайтыны, қалай айтсаңыз да, ақиқат. Сол қасиеттің бірі – тылсымнан болған дерттің себеп-салдарын анықтап, құлан-таза сауықтыру, ісі алға баспай жүрген жанға жәрдем беруді ертеде бақсылық, емшілік дейтін. Бүгінгі күні бойында тылсым күш, алақанда шипалық қуат бар, көмек сұрай келген жанның өткені мен ертеңін, жан азабының себебі мен емін білетін ондай адамдар арнайы тексеруден өтеді. Тек лайық дегендері ғана Емшілер қауымдастығының куәлігі мен сертификатына ие бола алады.

👉 Марқұм әжесінің қасиетін жалғастырушы емші, татар қызы Аида (таролог, экстрасенс) да аталған қауымдастықтың мүшесі. Келушінің алақанына өз алақанын қойғанда оны не мазалайтынын, өмір жолындағы түйін мен оны тарқатудың жолын біле қоятын қасиеті бар. Келушінің мәселесіне қарай кофе қойыртпағын, кейде Таро картасын «сөйлетеді». Ойпырмай дегізетіні – дәл айтатыны. Кімде қандай қиындық бар және оған ол проблеманың түйінін қалай шешуді осылай анықтайды.

👉 Осы Аида біраз жыл бұрын Ресейдің жұрт қызыға да таңғала тамашалайтын «Битва экстрасенсов» телешоуына қатысуға шақырту алған. Ол кезде балалары кішкентай болып, ұзақ уақытқа созылатын бағдарламадан бас тартуына тура келіпті. Дегенмен, таңғалатын, жаға ұстайтын тылсым жағдайлармен күнде кездесіп жүр. Қанша адамға көмегі тигені өзіне аян. Біз өзінің рұқсатымен бірнеше оқиғаны ғана баяндайық.

📎1)Бірде шырылдап, бойжеткен қызының жұмбақ дертіне ем іздеген әйелді жолықтырып қалдық. Көрікті де білімді қызы бар еді. Нәзік те сұлу қыздың түсініксіз дертке шалдыққанына екі жылдан асыпты. Ауылдық жерде тұратын отбасы еді. Үйден қашық емес жерде жан-жағын қамыс жапқан шағын көл бар. Жаздың қапырық ыстығында бойжеткен салқындаймын деп сол көл жағасында ұйықтап қалады. Содан есі кіресілі-шығасылы, адам көрсе қорқатын, тек қараңғы бөлмеде қамалып отыратын әдет тапқан. Ем іздеп бармаған жері қалмапты. Осыны айтқанда көз жасы тоқтамаған анаға Аида туралы айттық. Арада бірнеше ай өткенде тағы жолығып қалдық. Ол еттен өтіп, сүйекке жеткен дерттен қызының біртіндеп жазылып келе жатқанын айтты. Аидаға барыпты. Кешкі апақ-сапақта қызға су перісі қонған депті емші. Ұзақ емделуге тура келген. Арасын бөліп, үш рет жеті күннен ем алған. Нәтижесі жақсы деп қуанып отыр.

📎2) Былтыр жазда он екіден асып, он үшке толған баласы өзінен өзі сақылдап күліп, қабырғадағы бір нүктеге қарап түсініксіз тілде сөйлей бастағанда Жайнагүл балам түсінен шошынған болар деп ойлаған. Бетіне су шашып ұшықтады, дем салдырды, дәрігерге де апарды. Бірақ беті бері қарамады. Күн батса болды тырнағының көбесі сөгіліп, саусақтары қанағанына қарамай қабырғаны тырналап, «Барам, барам!» деп баяғы өзі сөйлесетін нүктеге қарай атылады. Дәрігерлер тіркеуге алып, ем жасап, небір дәрі-дәрмек бергенмен көмегі болмай, байғұс ана әбден қиналды. Уайым қойсын ба, өзі де әбден жүдеп, бас пен жүрек кеселіне тап болды. Оның бір жарым жылдағы азабын айтып тауысу мүмкін емес. Ал тоқетері – таныстарынан сұрай-сұрай тапқан Аида емшінің арқасында баласы түнде алысатын жұмбақ кеселінен құтылып келеді. Емі бірден қонды демейміз, батпандап кірген аурудың мысқалдап шығатыны бар емес пе? Кесел қалай басталды, неден болды, Жайнагүл қазір бәрін жақсы біледі. Және тылсымнан болған кеселдің емін бойында тылсым қасиет пен күш бар адам ғана табатынына көзі жеткенін айтады.

📎3) «Венец безбрачия» дегенді естуіңіз бар ма? Иә, біздің халықта ондай сөз түгілі түсінік те айтыла бермейді. Бірақ ақылына көркі сай, тәуір табысы мен жағдайы бар қыз-жігіттердің ешбір себепсіз бір басын екеу етпей жүріп қалатыны кездеседі. Аида емші отызға жеткен және асқан сүрбойдақтардың отбасын құра алмауына кейде әулеттегі немесе өз басындағы кедергі, кесір, тіпті қарғыс та себеп болатынын айтады. Мұндай жағдай кейде ұрпақ қуалауы да мүмкін екен. Емшінің мұндай сырт көзге көрінбес кедергілерді жойып, жастардың бақытын табуына көмектесетін тәсілдері бар.

📎4)Баспанамды кеңейтемін, үй немесе жер, әлде көлігімді сатамын деп, бірақ айлап, тіпті жылдап сата алмай жүргендер де кездеседі ғой. Аида ондай жандарға да көмек көрсете алады. Өзі «Байлауды шешу» деп атайтын амалы бар. Осы тәсілмен талай жанның алғысын алып жүр.

📎5)Адам деген – пенде. Пенде болған соң біреуге тіліміз тиіп, енді бірі қатты қапаланған адамды қарғап та қойып жатады. Мұндай жағдай адамға әсер етпей тұрмайды екен. Тіл-көз, сиқыр мен дуа, қарғыс пен жын тию дегеннің де адамды түсініксіз тылсым дертке шалдықтыратыны бар. Жоғарыда жазғанымыздай, тылсымнан болған кеселді емі де тылсым күштерге байланысты. Емші Аиданың осы мәселені шешуде тәжірибесі мол.

Оның «Ысытпа», «Суытпа», «Қайтарма» деп атайтын ем түрлері бар екен. Аты айтып тұрғандай, бірі жұптары жараспай, екі жаққа кеткен жандардың жарасуына, екіншісі басқаға көз салған ер адамның «өзгеден» суып, өз отбасына оралуына сеп болатын тәсіл. Бойдағы зиянды, ырым-дуаны қайтаратын тәсілі де бар.
..Сенерсіз, сенбессіз, өмірде осындай жұмбақ та тылсым дерт пен оның тылсымнан келер емі бары рас. Ал ондай емді Аида (‼️8-775-328-15-88 WhatsApp. Ол орысша сөйлейді) секілді бойында бабасынан келе жатқан қасиет күші бар адамдар ғана жасай алады.
«ХалыQ емі – Целительство».

Address

Каз

Opening Hours

Monday 10:00 - 20:00
Tuesday 10:00 - 20:00
Wednesday 10:00 - 20:00
Thursday 10:00 - 20:00
Friday 10:00 - 20:00
Saturday 11:00 - 20:00

Telephone

+77789871221

Website

Alerts

Be the first to know and let us send you an email when ХалыQ емі Целительство posts news and promotions. Your email address will not be used for any other purpose, and you can unsubscribe at any time.

Contact The Practice

Send a message to ХалыQ емі Целительство:

Share

МАЗМҰНЫ:

Халық емі, емдік рецепттер, денсаулықты түзеу жолындағы өзіндік тәжірибелер жайлы авторлық парақша