16/04/2026
САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ САРАПТАМА ОРТАЛЫҒЫНДА ТАҒАМДЫҚ ҚАПТАМАНЫ ҚАЛАЙ ТЕКСЕРЕДІ?
Тағамдық қаптама материалдарының қауіпсіздігі – тұтынушылар денсаулығын қорғаудың негізгі факторларының бірі. Қазақстанда бұл талаптар Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерімен реттеледі, ал бақылау жүйесі зертханалық зерттеулерді қолдану арқылы барған сайын практикалық сипат алып келеді. Қаптама тағам өнімдерімен тікелей байланыста болады және әсіресе қыздыру немесе ұзақ сақтау кезінде химиялық заттарды бөліп шығаруы мүмкін.
Елімізде қаптама тағаммен жанасуға қауіпсіз болуы тиіс, міндетті түрде сынақтар жүргізіліп, растайтын құжаттар болуы қажет және материалдардың қадағалану жүйесі қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл қаптама мен оған ілеспе материалдарды тұрақты түрде зертханалық тексеруден өткізуді талап етеді.
Қазақстандағы заманауи зертханалар уыттылықты бағалаудың аспаптық әдістерін қолдануда. Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама орталығының зертханасында пластик және шыныны қоса алғанда, әртүрлі ыдыс түрлеріне зерттеулер жүргізіледі. Сарапшылар тағамдық ортаға жанасу кезінде зиянды заттардың бөліну мүмкіндігін бағалайды, сондай-ақ материалдардың интегралды уыттылығын – тірі жасушаларға жалпы әсерін анықтайды.
Талаптардың болуына қарамастан, нарықта сертификатталмаған қайталама пластикті пайдалану, сынақ хаттамаларының болмауы және қаптаманы сақтау талаптарының сақталмауы сияқты бұзушылықтар кездеседі. Осыған байланысты, өндірушілерге уыттылық бойынша зерттеулер жүргізу, тек рұқсат етілген материалдарды пайдалану және жеткізу тізбегін толық бақылау ұсынылады.
Тұтынушылар үшін тағамды арнайы арналмаған қаптамада қыздырмау, таңбалауға назар аудару және бір реттік қаптаманы қайта пайдаланбау маңызды. Жалпы алғанда, Қазақстанда қаптама қауіпсіздігін бақылау біртіндеп немқұрайлы талаптардан арылып, қаптама қауіпсіздігінің нақты өлшенетін көрсеткіш екенін дәлелдеумен зертханалық тексерулерге көшуде.
***
КАК ПРОВЕРЯЮТ ПИЩЕВУЮ УПАКОВКУ В ЦЕНТРЕ САНИТАРНО-ЭПИДЕМИОЛОГИЧЕСКОЙ ЭКСПЕРТИЗЫ?
Пищевая безопасность упаковочных материалов – один из ключевых факторов защиты здоровья потребителей. В Казахстане требования регулируются техрегламентами ЕАЭС, и контроль становится всё более практико-ориентированным – с применением лабораторных исследований. Упаковка напрямую контактирует с продуктами и может выделять химические вещества, особенно при нагреве или длительном хранении, что делает вопрос её безопасности особенно актуальным.
В стране действуют строгие требования: упаковка должна быть безопасной для контакта с пищей, обязательны испытания и подтверждающие документы, а также важна прослеживаемость материалов. На практике это означает регулярные лабораторные проверки упаковки и сопутствующих материалов.
Современные лаборатории в Казахстане используют инструментальные методы оценки токсичности. В лаборатории Центра санитарно-эпидемиологической экспертизы проводятся исследования различных видов посуды, включая пластик и стекло. Эксперты оценивают возможное выделение вредных веществ при контакте с пищевой средой, а также определяют интегральную токсичность материалов – общий эффект воздействия на живые клетки.
Несмотря на установленные требования, на рынке встречаются типичные нарушения, такие как использование несертифицированного вторичного пластика, отсутствие протоколов испытаний и неправильное хранение упаковки. В связи с этим производителям рекомендуется проводить токсикологические испытания, использовать только разрешённые материалы и контролировать всю цепочку поставок.
Потребителям, в свою очередь, важно не разогревать еду в непредназначенной упаковке, обращать внимание на маркировку и избегать повторного использования одноразовой тары. В целом, в Казахстане контроль упаковки постепенно переходит от формальных требований к реальным лабораторным проверкам, подтверждая, что безопасность упаковки – это измеримый параметр, а не просто декларация.